ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ 2972 ПӘТЕР ҮЙЛЕСІРІЛМЕК

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 239,2 мың шаршы метрді құрайтын 2972 пәтерлі 51 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде арендалық 20 үй (1320 пәтер), кредиттік 31 үй (1652 пәтер) бар.

Қала әкімі тұрғын үйлердің құрылысымен және инженерлік инфрақұрылыммен қамтылу барысымен танысты.

Белгілі болғандай, осы жылы 51 үйдің барлығын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Оның ішінде 41 тұрғын үйдің құрылысы «Тұран» шағын ауданында жүргізілсе, 10 тұрғын үйдің құрылысы әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде.

«Тұранда құрылысы жүргізіліп жатқан 41 тұрғын үйдің үшеуін жазға дейін тапсыру жоспарда бар. 1 шілдеге дейін 6 үйді пайдалануға беру жоспарда болса, қалған 32 үй жыл соңында қолданысқа беріледі»,-деді мамандар.

Қала әкімі аралау барысында «Тұран» шағын ауданын электрмен қамту жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатқанын көрді.  Ішкі жүйлерді қамту жыл соңына дейін аяқталса, жарықтандыру мен бағдаршамдар орнату 2023 жылға көзделген. Кәріз және табиғи газбен қамту жұмыстарының да кестеге сәйкес 2-кезегі жүргізілуде. Магистралды жүйелер орнатылған соң ғана ішкі жүйелер жүргізілмек.

Мегаполис әкімі М.Әйтенов үйлердің сапалы соғылып, мерзімінде аяқталуын тапсырды.

Естеріңізге сала кетейік, құрылыс басқармасының басшысы Ә.Рабаев қала әкіміне есеп бергенде, 2026 жылға дейін бюджет есебінен 1 миллион шаршы метрді құрайтын тұрғын үй салынатынын айтты. Себебі, қалада әлеуметтік тұрғын үйге сұраныс жоғары. Бүгінде ол 198 623 адамды құрайды. Оның ішінде 150 мың адам әлеуметтік несие алуға өтініш берген «Отбасы банк» салымшылары болса, 48 623-і әлеуметтік жалдамалы тұрғын үй алу үшін баспана кезегінде тұрған азаматтар екен.

Сондықтан да, алдағы 5 жылда осы санаттағы үйлердің шаршы метрін 1 миллионға, яғни, 38 264 пәтерге жеткізу жоспарда бар екенін, осы жылы мемлекеттік бағдарлама есебінен 173 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілетінін тілге тиек еткен болатын.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Jeśli zastanawiasz się, jak dowiedzieć się, czy twój mąż zdradza cię na WhatsApp, być może będę w stanie pomóc. Kiedy pytasz swojego partnera, czy może sprawdzić swój telefon, zwykle odpowiedź brzmi „nie».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.