ШЫМКЕНТТЕ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

«Шымкентте «Мерейлі отбасы — 2022» байқауына қатысуға өтініш білдірген белсенді отбасылар саны артты»,-дейді ұйымдастырушылар.  Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырыпты.

Қазіргі таңда төрт аудан бойынша аудандық деңгейде өткен конкурс өз мәресіне жетті. Абай ауданы – 33, Әл-Фараби ауданы – 30, Еңбекші ауданы – 31, Қаратау ауданы – 34 отбасы  тиісті құжаттарын тапсырып, жеңімпаздарды анықтау бойынша  құрылған комиссия өз шешімдерін шығарды. Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктерінде сәуір-мамыр айларында Шымкент қаласының тұрғындары арасында өтініштер қабылданған еді. Әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 16 отбасы жеңімпаз деп танылып, олар қалалық кезеңге жолдама алды.

Атап айтатын болсақ:

Абай ауданы бойынша: Тоқтиевтар отбасы, Қаржаубаевтар отбасы, Сыздықовтар отбасы, Шаймырзаевтар отбасы.

Әл-Фараби ауданы бойынша: Бидайбековтар отбасы, Абдихановтар отбасы, Шамшиевтер отбасы, Баймахан отбасы.

Еңбекші ауданы бойынша:  Байбосыновтар отбасы, Бақтыбаевтар отбасы, Тенизбаевтар отбасы, Шукуровтар отбасы.           

Қаратау ауданы бойынша: Жақыповтар отбасы, Есенамановтар отбасы, Бойшевтар отбасы, Адилбаевтар отбасы.          

Енді, қалалық кезеңінің жеңімпаздары  15 шілдеге дейін анықталатын болатын. Қалада үздік деп танылған отбасылар республикада бақ сынайды.

Айта кетейкі, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен адамгершілік құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында  2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Мерейлі отбасы-2021»  ұлттық байқауының жеңімпаздары деп Алиевтер отбасы танылған еді. Олар республикалық байқауға жолдама алған болатын.

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.