ШЫМКЕНТТЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте ағымдағы жылы 33 504 шаршы метр қоқыс тастайтын жәшіктердің аумағын, 2 272 680 шаршы метр өзен мен канал аумағын залалсыздандыру жоспарланған.

– Қаламызда биыл дәрілеу жұмыстарына сәйкес, жалпы аумағы 4 млн шаршы метрге жуық жерді өңдеуден өткізу жоспарланған. Оның ішінде 1,3 млн шаршы метр – өзен-каналдар аумағы, 2,3 млн шаршы метр – саябақтар аумағы, ал қалған 855 мың шаршы метр – гүлзарлар мен аллеялар аумағы. Залалсыздандыру жұмыстары жаз бойы жүргізіледі. Саябақтар мен гүлзарлардағы тиісті жұмысты – бір мекеме, ал өзен-каналдар аумағында екінші мекеме жүргізеді, – деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров.

Басқарма басшысының айтуынша, бұған қоса, қала аумағындағы кеміргіштерге қарсы улау және ауыл шаруашылығы жануарларының энзоотиялық ауруларына қарсы жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде жылқы мен шошқаға дәрі бүркілсе, уақ мал арнайы сұйықтыққа тоғытылады, қора-жайлар мен буферлік аумақтарға дәрі бүркіледі.

2022 жылы кеміргіштерге қарсы көктемгі және күзгі залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге бюджет есебінен 9 916,6 мың теңге қаржы қаралды.мКөктемгі  кеміргіштерге  қарсы  залалсыздандыру жұмыстары   20.05. — 31.05.2022 жыл аралығында жүргізіліп, 16 752 ш.м. қоқыс-жәшіктердің, 1 136 340 ш.м өзен-каналдардың аумағы кеміргіштерге қарсы залалсыздандырылды. Мемлекет есебінен залалсыздандыру жұмыстар көп қабатты тұрғын үйлердің, өзен-каналдардың аумағына тегін жүргізіледі. Ал, жеке тұрғынжайлар мен кәсіпкерлік нысандардың иелері зиянкестерді залалсыздандыру жұмыстарын  өз қаражаты есебінен жүргізуге міндетті. Көпқабатты  және жеке үйлердің тұрғындарының назарына!!!  Кеміргіштерге қарсы қойылған  арнайы қармақжемдерді  бүлдіршіндердің ұстамауы мен үй жануарлары жеп қоюдан абай болуы керектігін ескертеміз.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Le logiciel de surveillance à distance du téléphone mobile peut obtenir les données en temps réel du téléphone mobile cible sans être découvert, et il peut aider à surveiller le contenu de la conversation.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.