ШЫМКЕНТТЕГІ СУБҰРҚАҚТАР КЕСТЕГЕ САЙ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ

Шымкентте 37 су бұрқақ бар.  Олар толығымен консервациядан шығарылып, 35 су бұрқақ бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы Әуесбек Әзбердіұлы мәлімдеді.

Әуесбек Әзбердіұлының сөзінше, биыл жыл бойы субұрқақтар мен ұңғымаларды күтіп ұстауға жарияланған конкурста мердігер мекеме «Dim Nur Company» ЖШС-і жеңімпаз атанған. Мердігер компанияның қызметіне сорғы қызметін қадағалау, жарықтандыру және су бұрқақтың кафельді, гранитті бассейндеріне күтім жасау, жөндеу жұмыстары кіреді.

— Тәуелсіздік және Абай саябағындағы су бұрқақтың сорғы құрылғысы күйіп кетуіне байланысты уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяу күндері су бұрқақ іске қосылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары су бұрқақтарға шомылуға тыйым салынғанын назарда ұстаса дейміз. Әр нысанның  жанына «су бұрқаққа шомылуға тыйым салынған» деген жазуы бар арнайы тақтайшалар орнатылған, — дейді Ә.Опабек.

Субұрқақтар жұмысы арнайы кестемен қадағаланады. Яғни, олардың қосылатын уақыты, судың тазалығы, демалушылардың қауіпсіздігі — барлығы назарда. Бұл туралы қаладағы субұрқақтардың күтіміне жауапты мердігер «Dim Nur Company» ЖШС-інің маманы Мұхтар Әлімұлы мәлімдеді.

М.Тұрабаевтың айтуынша, қаладағы 37 су бұрқақтың 3-еуі әуенді. Олар Тәуелсіздік саябағында, Әкімшілік іскерлік орталықта және Этносаябақта орналасқан. Бқл нысандар кешкі сағат 20.00-21.00 және 22.00-23.00 аралығында қосылады.

— Алғашқы он күндікте су бұрқақтардың кестеге сай жұмыс істеуі қадағаланбақ. Одан әрі кейбір нысандарға ағымдағы әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта ерекше күтім қажет су бұрқақтар зерделеніп жатыр. Сондай-ақ, күннің ысуына байланысты бүлдіршіндер онда суына шомылып жатады. Алайда, ол өте қауіпті. Себебі, қаладағы су бұрқақтардың су сорғысы, жарығы барлығы электр энергиясымен жұмыс істейді. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда адам өміріне қауіп төндіретіні анық. Сондықтан барлық нысанға ескерту белгілері орнатылды. Енді ата-аналардың қадағалауы маңызды, — дейді М.Тұрабаев.

Айта кетейік, мердігер компания әр техникалық қызметкерге 2-3 су бұрқақтан бекіткен. Ал, ірі нысандарда жекелеген мамандар жұмыс істейді.

«Anyq.kz» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.