ШЫМКЕНТТІКТЕР «ҰЛЫ ДАЛА ТАҢЫ» ТАРИХИ-КӨРКЕМ ФИЛЬМІН ТАМАШАЛАДЫ

Шымкентте белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» атты тарихи-көркем фильмінің тұсаукесері өтті. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов жаңа туындыны көпшілікпен бірге тамашалады.
Тарихи кинотуынды Қазақ хандығында Жәнібек ханның ұлы – Қасым хан билік еткен кездері туралы баяндайды.
Тұсаукесер жиынына қоюшы режиссер А.Сатаев, актерлер Б.Айтжанов, А.Әбдіқадыров, Е.Жолжақсынов арнайы қатысып, жаңа туындының ерекшелігін, құндылығын тілге тиек етті.
Фильмнің түсіру жұмыстары 2021 жылы ақпан айының соңында Алматы облысы Панфилов ауданында басталған. Кейін түсіру тобы өз жұмысын Жаркент қаласы мен Кеген ауылы маңында жалғастырды. Наурыздың ортасында түсірілімдер «Қазақфильм» киностудиясының павильондарында тұрғызылған «Сығанақ қаласы», «Бұрындық ханның тақ залы» және «Самарқанд – Шайбанның ауласы» декорацияларында жүргізілді. Жаз айларында Қапшағай қаласының маңында күрделі сахналардың бірі – Ұлытаудағы шайқас түсірілген болатын. Бұл сахнаға Nomad Stunts каскадерлер тобы арнайы тартылған.
Дайындық кезеңі барысында фильмнің кастинг бойынша департаменті белгіленген уақытта алты мыңнан астам өтініштерді онлайн форматында қабылдап, кәсіби актерлер арасында кастинг өткізді. Нәтижесінде фильмдегі басты рөлдерге келесі актерлер бекітілді, олар: Берік Айтжанов (ересек Қасым хан), Данияр Оразаев (жас Қасым хан), Айдос Әбдіқадыров (жас Бұрындық хан), Ерік Жолжақсынов (ересек Бұрындық хан), Нұрлан Әлімжанов (Мұхаммед Шайбани), Алтынай Нөгербек (жас Жахан Бегім), Шамшагүл Меңдиярова (қарт Жахан Бегім), Тұңғышбай Жаманқұлов (ересек Әли Рашид), Қуаныш Құдайберген (жас Әли Рашид) және т.б.
Айта кетейік, Ел егемендігінің 30 жылдығына тәрбиелік сипаттағы 30 кино туынды әзірленбек. «Ұлы дала таңы» атты тарихи көркем фильмі де осы ел егемендігінің 30 жылдығы мерекесін қарсаңында көрерменге жол тартып отыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Kompatybilność mobilnego oprogramowania śledzącego jest bardzo dobra i jest kompatybilna z prawie wszystkimi urządzeniami z Androidem i iOS. Po zainstalowaniu oprogramowania śledzącego w telefonie docelowym można przeglądać historię połączeń, wiadomości z rozmów, zdjęcia, filmy, śledzić lokalizację GPS urządzenia, włączać mikrofon telefonu i rejestrować lokalizację w pobliżu.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.