Жазғы демалыста оқушылардың қауіпсіздігі — басты назарда!

Аса қауіпті кезең бұл — суға түсу маусымы. Суға кетудің басты себебінің бірі — бұл судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамау, белгіленбеген орындарда суға шомылу.
Маусым басталғалы бері ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында а төтенше жағдайлар қызметі, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен бірлесе тұрғындар арасында тұрақты түрде рейдттік іс-шаралар өткізіп келеді.
Осы орайда, үстіміздегі жылдың 15 маусым күні Төтенше жағдайлар бөлімінің және «Жастар ресурстық орталығы» қызметкерлері мен аудан ерікті жастары Мырзакент кенті, Жамбыл, Жаңа Жол, Еңбекші ауылдық округтере судағы төтенше жағдайларды болдырмау және қауіпсіздік шаралары бойынша рейдке шығып, су қауіпсіздігі жөнінде тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Алдағы уақытта да суға түсу орындарына күнделікті рейд жүргізіліп, бақылау шаралары күшейтілетін болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.