ТҮЛЕКТЕР ЕЛІМІЗДІҢ 4 КОЛЛЕДЖІНЕ БІРДЕН 4 МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ҚҰЖАТ ТАПСЫРА АЛАДЫ

25 маусымда колледждерге құжат қабылдау басталды. Биыл «балалар жылында» рекордтық 128 мың грант бөлініп отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда 45 мыңға көп.

Білім гранттары IT, құрылыс, инженерия, металлургия, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалану, тамақтандыруды ұйымдастыру, туризм, қонақ үй бизнесі, шаштараз өнері және басқа да көптеген мамандық бойынша бөлінеді.

Тағы бір жақсы жаңалық – алдағы оқу жылында қазақстандық колледждер «Робототехника және кіріктірілетін жүйелер», «Аддитивті өндіріс технологиясы», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Графика және мультимедия дизайны», «Ландшафт дизайны» және т. б. жаңа мамандықтар бойынша кадрлар даярлауды бастайды.

Оқуға қабылдаудың тағы бір жаңалығы — жұмысқа орналастыру міндеттемесімен кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрлар даярлау. Яғни кәсіпорын практиканы ұйымдастыру және түлектерді одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша міндеттемелерді өзіне алады.

Талапкерлерге ыңғайлы болу үшін құжаттарды қабылдау автоматтандырылған және Egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы, сондай-ақ дәстүрлі форматта колледждердің өзіне тапсыруға болады. Талапкерлер үшін еліміздің 4 колледжіне бірден 4 мамандық бойынша құжат тапсыру мүмкіндігі бар.

Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтарына түсетін талапкерлер арасында конкурс міндетті және бейінді пәндер бойынша аттестаттың орташа балы бойынша өткізіледі.

Жұмысшы біліктілігіне түсушілер, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар әңгімелесу қорытындысы бойынша колледжге қабылданады.

Педагогикалық, медициналық және шығармашылық мамандықтарға түсетін мектеп түлектері арнайы немесе шығармашылық емтихан тапсырады немесе әңгімелесуден өтеді. Оларды колледждердің қабылдау комиссиялары өткізеді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.