ТҮРКІСТАН: Үздік 300 түлекке диплом табысталды

Түркістандағы Қ.А. Яссауи  оқу орнымызда биылғы бітіруші түлектердің құрметіне орай, «Graduation-2022» – қызыл диплом иегерлері мен белсенді студенттерге салтанатты диплом табыстау кеші өтті.

Шараға ректор Жанар Темірбекова мен ректор өкілі Женгиз Томар бастаған университет ұжымы, облыс әкімдігінің өкілдері мен құрметті қонақтар, түлектер мен ата-аналар қатысты.
Диплом табыстау рәсімінің шымылдығын ректор Жанар Темірбекова мен Женгиз Томар ашып, түлектерге ақжарма тілектерін арнады. Университет вице-ректорлары да сөз сөйлеп, барша бітірушілерге ақ жол тіледі. Бұдан соң басшылар 300 қызыл диплом иегері мен белсенді студентке алғыс хат және диплом табыстады.
Өз кезегінде студенттер де білім алған шаңырағы мен тәлім-тәрбие берген оқытушыларына алғысын айтып, қатарластарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Балажанов Өркен Байдилханұлы «Жас мемлекеттік қызметші мектебін» тәмамдаған 15 түлекке арнайы сертификат табыстады. Бұл мектепті университетіміз 2018 жылдан бері жоғарыда аталған департаментпен бірлесе отырып ұйымдастырып келеді.
Салтанатты шара соңында түлектер әуеге 300 шар ұшырып, студенттік өмір сыйлаған оқу ордасымен қоштасты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.