ТҮРКІСТАН: “КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ДА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ”

Бұл туралы бүгін Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы БАҚ өкілдерімен өткен брифинг барысында айтты.
Брифингте Мектеп формасына қаралған қаржы ата-аналардың есеп-шоттарына аударылатынын еске салған басқарма басшысы облыстағы экономикалық есептеулер бойынша әр баланың мектеп формасына 35 275 теңгеден және мектеп жазу керек-жарағымен қоса 37 389 берілетінін мәлімдеді.
Жалпы, жаңа оқу жылы қарсаңында жаппай оқыту қоры аясында бірінші кезекте мектеп формасы, аяқ киім және мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз ету бойынша қаражат қарастырылған.
Мұқтаж баланы толыққанды мектеп жиынтығымен қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында қосымша көмек қарастырылған.
Бұл бағыттағы жұмыс 1 тамыздан басталып, ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Қазіргі таңда, білім беру ұйымдарында, басқармада азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін «жедел желілер» үздіксіз қызмет етуде.
Айта кетейік, акцияның 15 күнінде облыс бойынша 778 балаға жалпы 19 млн. 309 мың.теңге демеушілер тарапынан материалдық көмек берілді.
Анықтама ретінде: ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысында көрсетілген санаттар)(Олар: мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға және білім ұйымының алқалы органымен шешім қабылданған өзге де санаттағы білім алушылар.
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.