ТҮРКІСТАНДЫҚ ОЛИМПИАДАШЫЛ ОҚУШЫЛАРҒА КЕРЕК КЕҢЕС

Біздің олимпиадашылардың жеңіске деген құлшынысын арттыратын тағы бір қуатты стимул пайда болды. Ол, халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздарына біржолғы ақшалай төлемдерді төлеу нормасын қарастыратын Президент Қ. Тоқаевтың жақында қол қойған заңы.

Бұдан былай,

алтын медаль алған оқушыға 1 500 АЕК (4,77 миллион теңге),

күміс медальға 1 000 АЕК (3,18 млн теңге),

қола медальға 500 АЕК (1,59 млн теңге) көлемінде ақшалай сыйақы берілмек.

2022 жылдың шілде-тамыз айларында Қазақстанның олимпиадалық ұлттық құрама командалары келесідей ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысады:

  • Математикадан халықаралық олимпиадасы (#IMO), 6-16 шілде, Осло қ., Норвегия (офлайн);
  • Биологиядан халықаралық олимпиадасы (#IBO), 10-18 шілде, Ереван қ., Армения (офлайн);
  • Физикадан бойынша халықаралық олимпиадасы (#IPhO), 10-18 шілде, Цюрих қ., Швейцария (онлайн);
  • Химиядан халықаралық олимпиадасы (#IChO), 10-20 шілде, Тяньцзинь қ., ҚХР (онлайн);
  • Географиядан халықаралық олимпиадасы (#IGeO), 12-18 шілде, Париж қ., Франция (онлайн);
  • Лингвистикадан халықаралық олимпиадасы (#IOL), 25-31 шілде, Мэн аралы, Ұлыбритания (офлайн);
  • Информатикадан халықаралық олимпиадасы (#IOI), 7-15 тамыз, Джокьякарта қ., Индонезия (офлайн).

«Дарын» РҒПО халықаралық пәндік олимпиадалардың ұйымдастыру комитеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Осының арқасында қазақстандық оқушылардың өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетуге әрдайым мүмкіндігі бар.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.