ТҮРКІСТАН: ПЕДАГОГ МАМАНДАР ҮШІН БОС ОРЫНДАР КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы педагог мамандар үшін бос орындар конкурсын жариялайды. Бұл туралы бүгінгі брифингте Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқарма басшысының орынбасары Ардақ Садықова мәлімдеді.
«Мұғалім тапшылығы бар өңірлердегі білім сапасын арттыру мақсатында Түркістан облысына білікті де ынталы мұғалімдерді, сондай-ақ еліміздің жоғары оқу орындарында педагогикалық мамандықтардың үздік түлектерін жұмысқа шақырамыз. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер тиісті құжаттарды жинақтап, компьютерлік тестілеуден өтеді. Құжаттар sanat.obl@mail.ru электронды поштасына 26 маусымға дейін қабылданады. Конкурстық іріктеуден өткен және арнайы бағдарламаға қатысушы оқытушыларға, жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтарының түлектеріне — лауазымдық жалақысының 150% мөлшерінде есептелген қосымша төлемді қамтитын кешен ұсынылады. Конкурсқа қажетті толық ақпаратты +77076847100 нөміріне хабарласып білуге болады»- деді Ардақ Мәдіханқызы.
Сонымен қатар брифингке қатысқан Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Жанар Темірбекова мұндай бастамаларға қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендіктерін әрі бұл конкурс түлектер үшін таптырмас мүмкіндік екенін айтты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.