Бос орындардың конкурсы 30 күнге жарияланады, қатысуға өтініш хабарландыру жарияланған күннен бастап Адам ресурстарын басқарубөлімінде қабылданады. Өтініш беру мерзімі: құжаттарды қабылдаудың соңғы күні мен уақыты — 2022 жылдың 05 тамыз сағат 18:00-ге дейін. Төменде аталған құжаттар тізбесі Университеттің ресми (https://ayu.edu.kz/) сайтында орналастырылады:
- Бос орындардың тізімі;
- Конкурсқа қажетті құжаттар тізімі;
- Біліктілік талаптары.
Мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы No29, ректорат ғимараты, No105 бөлме, байланыс тел.: 8 72533 6-16-36.
Конкурстық комиссияның отырысы 2022 жылдың 15 тамазы күні Б.Саттарханов даңғылы No29 ректорат ғимаратының 201 кабинетінде сағат 10:00-де болады. Адам ресурстарын басқару бөлімі.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Түйіндеме;
- Жоғары білім, академиялық және ғылыми дәреже туралы дипломдардың
көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстыру үшін түпнұсқалар;
- Қайта даярлау және біліктілігі арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);
- Соңғы 3 жылдағы ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса) көшірмесі;
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
- Психоневрологиялық ұйымда еспке тұрмайтыны туралы анықтама;
- Наркологиялық ұйымда есепте тұрмайтыны туралы анықтама.
- Оқу әдістемесін көрсету (силабус, сабақтың импровизацияланған үзіндісі)
Конкурсқа қатысатын ОПҚ-ға қойылатын біліктілік талаптары Профессор лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, “профессор“ ғылыми атағы және ғылыми-
педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс. Доцент лауазымына үміткерлердің жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, “қауымдастырылған профессор (доцент)“ ғылыми атағы, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл болуы тиіс. Аға оқытушы лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми-педагогикалық қызметтегі еңбек өтілі кемінде 3 жыл, (басқа ЖОО аға оқытушы қызметінде 1 жыл қызмет атқарған) немесе
мамандығы бойынша практикалық жұмыстағы өтілі кемінде 5 жыл және/немесе ғылыми дәрежесі болуы тиіс. Оқытушы лауазымына үміткерлердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша еңбек өтілі кемінде 2 жыл тәжірибелік өтілі 1 жылдан кем емес (магистр академиялық дәрежесінің болуы). Егер жоғарыда көрсетілген құжаттар ұсынылмаса немесе талаптарға сәйкес келмесе, үміткер конкурстық іріктеуге жіберілмейді.