ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР БУРАБАЙДА!

Шілде айының 16-19 күндері №28 мектеп-лицей ұжымының мұғалімдері мектеп басшысы Ләззат Жаналықызының бастамасымен, Бурабайдағы Республикалық «Балдәурен»- оқу–сауықтыру орталығында білімдерін жетілдіріп, әрі демалып қайтты.

«Оқушы білімінің сапасын өлшеу және бағалау әдістері» атты семинарды Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының ғылыми қызметкері, Исатай Өмірзақұлы Сағындықов жүргізіп, онда өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім берудің қыр-сырлары жан-жақты талқыланып, баяндалды. Семинар барысында мұғалімдер оқушы білімінің сапасын өлшеу тәсілдерімен танысып, оқу үдерісінде оқушылардың қажеттіліктері мен қабілеттеріне сәйкес бағалау жолдарын зерделеп, саралау тәсілдерін қолдануды меңгерді. Сонымен қатар зейнеттегі білікті ұстаз, Дилдаш Рысқұлбекқызы білім саласындағы тағылымы мол өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинардан бос кездегі демалыс уақыттары да дұрыс жоспарланып, Бурабайдың тамаша жерлерімен танысып, көркем табиғаттан рухани демалыс пен күш қуат алды.

Арқада Бурабайға жер жетпейді,

Басқа жер ойды ондай тербетпейді.

Бурабайдың көлі мен Көкшетауды

Көрмесең, көкіректен шер кетпейді… -деп Мағжан ақын жырлағандай Бурабай мекенінен әріптестеріміздің алған әсері ерекше, көрген сұлулықтарын сөзбен жеткізу мүмкін емес екенін айтып, оны тек көзбен көру керек деп сапардан қуанып оралды!

Бұл жолғы Арқа жеріне, Көкшетау еліне жоспарланған оқу-сауықтыру демалысы керемет өтті. Осындай естен кетпес саяхатқа толы сапар, білімді де білікті де шыңдайтын керемет күндер алдағы уақытта да көптеп жоспаранады деп сенеміз, әрі мектеп ұжымы атынан мектеп басшысы Ләззат Жаналықызына үлкен алғысымызды білдіреміз!

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан қаласында жаратылыстану-математикалық бағытта олимпиада резервін дайындайтын №28 мектеп-лицейі  2021 жылы 1 қыркүйекте ашылған еді. Оның салтанатты шарасына облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысқан болатын. 900 орынға шақталған аталмыш мектеп облыста ашылған жалғыз білі ордасы емес.

Айта кетерлігі, 2021 жылы  жаңа оқу жылын Түркістан қаласындағы 33 мемлекеттік және 10 жекеменшік мектеп 45248 оқушымен бастаған. Олардың ішінде 4221 оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, қолдарына жаңа «Әліппені» ұстады. 2021 жылы Түркістан облысында 927 күндізгі орта білім беру ұйымында оқу процесі дәстүрлі форматта 500 мыңнан астам оқушы білім алды.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.