Түркістан қаласында саммит шеңберінде Түркі дүниесіне ортақ асыл тұқымды иттер көрмесі өтті

Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті аясында қазақ дүниетанымындағы «Жеті қазынаның бірі – ит» тақырыбында асыл тұқымды иттердің ерекше көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шарада түркі мемлекеттеріне тән және Қазақстан аумағында таралған ит тұқымдары таныстырылды. Көрмені ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева арнайы тамашалады.

Көрмеде әзірбайжандық гурдбасар, анадолылық ақбаш, қырғыз тазысы тайған секілді көпшілік біле бермейтін ит түрлерімен қатар, Түркімен алабайы, Өзбекстанның бөрібасары, Орта Азия төбеті мен қазақтың тазысы көпшілік назарына ұсынылды. Әр иттің шығу тарихы, ерекшелігі мен көшпелі өмірдегі маңызы кеңінен насихатталды. Іс-шараның мақсаты – түркі халықтарына ортақ мәдени мұраны дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттау. Бұл ит тұқымдарының әрқайсысы көшпелі салтымен тығыз байланысты. Бірі – мал мен қонысты қорғауға, бірі – аңшылыққа, бірі тау мен дала жағдайына бейімделген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You