
Бүгін Түркістан қаласында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында бос жұмыс орындарына арналған ауқымды жәрмеңке өтті. Іс-шараға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Амантайұлы Сәрсенбаев, қалалық прокурор Кәукен Бақтыбайұлы Нәрікбаев, қала әкімінің орынбасары Талғат Төлегенов қатысты.
Жәрмеңкенің мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланысты нығайту, әсіресе, жастарды техникалық және өндірістік кәсіптерге ынталандыру. Жәрмеңкеге 30-ға жуық жұмыс беруші мекеме қатысып, 1000-нан астам бос жұмыс орнын ұсынды. Ұсынылған бос орындар қатарында басқарушы персонал, аудармашы, еңбекті қорғау маманы, тігінші,оператор, жиһаз жинақтаушы, ағаш ұстасы, инженер, дәнекерлеуші, қойма меңгерушісі, офис менеджері, есепші, хирург, травматолог, аллерголог және күзетші т.б мамандарға бос жұмыс орындары ұсынылды және басқа да техникалық, педагогикалық, өндірістік бағыттағы сұранысқа ие мамандықтар бар.
Келген халықтың қарасы өте көп, қызығушылық танытқан мамандықтарына алдымен әңгімелесу арқылы жұмысқа қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын. Осыған орай, елімізде жұмысшы кәсіптердің мәртебесін арттырып, сұранысқа ие мамандықтарға бағытталған жаңа бастамалар қолға алынды. Жәрмеңке – тек жұмыс табудың алаңы емес, ол – болашағын нақты кәсіппен байланыстырғысы келетін азаматтарға берілетін мүмкіндік.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.