«Түркістан әуендері» көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады

Loading

Түркістан қаласындағы «Жасанды көл» саябағында тұрғындар мен қала қонақтарына арналған «Түркістан әуендері» атты мерекелік концерт өтті.

Ашық аспан астындағы мәдени кеште Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнер ұжымдары мен шығармашылық өкілдері өнер көрсетті. Кеш барысында «Яссы» халықтық би ансамблі, «Семсер» және «Арнау» топтары, «Ай-Дана» дуэті көрерменге өнерлерін ұсынды.

Сондай-ақ Оразкүл Дәулетова, Досымжан Айдаров, Елнұр Досжанов, Қожа Аманбаев, Мадина Ералиева, Дана Индемесова, Райым мен Дана сынды өнерпаздар ән шырқап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.

Әуезді ән мен әсем биге ұласқан кеш қала тұрғындарының мәдени демалысын мазмұнды өткізуіне мүмкіндік берді. Мұндай ашық форматтағы мәдени шаралар қаланың қоғамдық өмірін жандандырып, тұрғындарға отбасымен бірге таза ауада өнер тамашалауға қолайлы жағдай қалыптастырады.

«Түркістан әуендері» мерекелік концерті осылайша шаһардың мәдени тынысын кеңейтіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған мазмұнды кештердің біріне айналды.

“ANYQ.KZ”-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You