Түркістан: Адами әлеуетті дамыту басқармасының апта ішіндегі атқарған жұмыстарына шолу жасағанда…

Апта басында ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен аппарат жиналысы өткізілді. Әр облыстың Адами әлеуетті дамыту басқармалары күн тәртібіндегі мәселелер жайында баяндама оқыды. Бас қосуға Дінислам Болатханұлы да қатысып, мәлімдеме жасады

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы оқуға қабылдау бойынша Call- орталық жұмысын бастады.

Түркістанда өткен «Қазақстан – ата жұртым, қасиетім – ана тілім» атты ХІХ Халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. Айта кетерлігі, білім додасына елімізден және шет елдерден келген 70-ке жуық оқушы өзара бақ сынасты.

Өңірлік коммуникация қызметінде Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы «Колледждерге құжат қабылдау» жөнінде брифинг өткізді. Бүгінгі күнге 41 колледждің қабылдау комиссияларына 2000-ға жуық талапкерден өтініш келіп түсіп, «SmartNationCollege» ақпараттық платформасында тіркелуде.

Түркістан облысының жас сарбаздары ағымдағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өткен «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынында жүлделі ІІ-орын иеленді

Басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы өңірдегі мемлекеттік колледж директорларымен кездесу барысында техникалық және кәсіптік білім саласының өзекті мәселелеріне талдау жасап, саланы дамыту бағытында бірқатар тапсырмалар берді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.