Түркістан: Диплом тапсырылды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің бітіруші түлектеріне арналған диплом тапсыру шарасы өтті.
Салтанатты шараға Қаржы және Халықаралық байланыстар вице- ректоры Пусат Пилтен мырза, университеттің профессор-оқытушылар құрамы және ата-аналар қатысты.
Жиында вице-ректор Пусат Пилтен құттықтау сөз сөйлеп, Үздік интерндерді Ректор атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Сондай-ақ, мерекелік жиында жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетінің деканы Туктибаева Сауле университет түлектерін құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жалпы жоғары медициналық білімінен кейінгі білім беру факультетін биылғы жылғы бітірген түлектері дипломдарын кафедра меңгерушілерінің қолынан алды.
Шара барысында ата-аналар да сапалы білім мен тағылымды тәрбие берген ұжымға алғыстарын білдірді. Өз кезегінде ата-аналар университет ұжымына алғыстарын айтып, жас маман иелеріне алдағы жолдарың даңғыл болсын деген ізгі тілек арнады.
Жиын соңы факультеттің өнерпаз жастары дайындаған концертке ұласты. Айта кетейік, биыл факультетті 2 мамандық бойынша 623 түлек тәмамдаса, ал 16 түлек ерекше үлгідегі дипломға қол жеткізді.
Қалай десек те, бұл күн биылғы университет бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан түлектердің есінде ұзақ сақталмақ.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.