Түркістан: Мингячевир мемлекеттік университетімен меморандум түзілді

Бүгін Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік уүниверситеті мен Азербайжанның Мингячевир мемлекеттік университетімен өзара ынтымақтастық меморандум түзілді. Екі жақты келісім шарасына Мингячевир мемлекеттік университетінің ректоры Шахин Байрамов мен Азербайжан елінен келіп білім алып жатқан студенттер қатысты.
Құрметті мейманды университет басшысы Жанар Амангелдіқызы арнайы қабылдады. Кездесу барысында ректор, оқу ордамыздың тыныс тіршілігін баяндап, 30 жылдыққа байланысты атқарылып жатқан жұмыстар мен жобаларды таныстырды. Сонымен қатар, бүгінгі таңда университетімізде Азербайжан елінен келіп білім алып жатқан 32 студенттің бар екендігін тілге тиек етті.
Сондай-ақ Шахин Байрамов, Мингячевир мемлекеттік университетінің бүгінгі таңда атқарып жатқан жұмыстарын айтып, екі оқу ордасының өзара ұқсастықтарын жеткізді.
Айта кетейік, Мингячевир мемлекеттік университеті де 1991 жылы құрылған.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.