Түркістан облысы әкімдігі Шардара су қоймасы маңындағы жағажайларды ретке келтіріп, тәртіпті күшейтуге кірісті

Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков жұмыс сапарымен Шардара ауданына барып, су нысандарын аралады. Сондай-ақ тұқымбақ жұмысын тексеріп, тапсырмалардың орындалуын бақылады.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен Шардара ауданында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қолдау мақсатында ағын су мәселесі бойынша мәжіліс өтті. Жиынға “Қазсушар” РМК ТФ директоры Казыбек Бедебаев, аудандық өндірістік бөлімшесі қызметкерлері, ауыл әкімдері, салаға жауапты мамандар, су мұраптары, ауыл шаруашылығы бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары қазіргі таңда Қызылқұм каналына секундына 130 текше метр су жіберіліп жатқанын, қысқа мерзім ішінде ауыл округтерінде каналдарды тазалау үшін қосымша арнайы техника бөлуге жәрдем берілетінін айта келе, аудан әкімдігіне, “Қазсушар” РМК өкілдеріне және ауыл әкімдеріне диқандардың еккен егінін аман алып қалу үшін тиісті жұмыстарды шұғыл ұйымдастыруды тапсырды. Жиналыс барысында ағын су мәселелері бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Иә, Түркістан облысына қарасты «Шардара» су қоймасының айналасында жазғы демалыс жағажайлары көбейген. Осыған дейін облыс басшысы Нұралхан Көшеров туристік аймаққа арнайы барып, жағажайдың жай-күйімен танысып қайтқан болатын. Демалыс жағажайларындағы басты түйткіл тазалық пен қауіпсіздік талаптары екені белгілі. Осы тұста облыс әкімі демалыс аймағына жауапты тұлғалармен кездесіп, көтерілген мәселелер төңірегінде тапсырмалар берді.

Бүгінде жағажай аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, полиция қызметкерлері тарапынан қауіпсіздік талаптары қатаң қадағалануда. Бұл мәселелер басшылық тарапынан назарға алынып, жағажай аумағында құтқарушылар санын арттыру және ретсіз орналасқан сәкілердің орнын ауыстыру шаралары қолға алынды.

Мұнда рейдтік тәртіп шаралары күшейген. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Шардара су қоймасының жағалауында рейдтік шаралар жүргізді. Нәтижесінде жағажай аумағында тәртіп бұзған азаматтарға қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 434-2 бабы 1, 2-ші бөліктері бойынша 15 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылды. Сонымен бірге аталған Кодекстің 505-ші бабы, 1-ші бөлігімен 2 демалыс аймағының басшыларына абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Қазіргі уақытта жол қауіпсіздігі бойынша 28 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, оған тиісті шара көрілді. Заң талаптарын бұзған 5 автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жалпы, тәулік ішінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 45 хаттама толтырылған.

Мамандар тарапынан Шардара су қоймасының жағалауында және демалыс аймақтарында қоғамдық тәртіпті қаматамасыз ету және жол көлік оқиғаларының алдын алу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Демалыс орындарының мол шоғырлануы – өңірдегі туризм саласын дамытудың оң тетігі. Ал туризмі дамыған аймақ болу жолында тәртіп пен сапалы жұмыс жүргізу дұрыс шешім деп есептейміз. Сондықтан тұрғындар мен жағажай маңында демалушыларға тазалық пен қауіпсіздік шараларын ұмытпауды ескерткен болар едік.

Оның үстіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту мен инфрақұрылымды жақсарту жөнінде тапсырма берді. Осы ретте кеше Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов «Шардара» су қоймасы маңындағы туристік аймақтардың жұмысын тексерді.

Жазғы демалыс маусымында жағажайлардағы санитарлық тазалық пен келушілердің қауіпсіздігі назарда тұрған мәселе болып табылады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров алдыңғы күні ғана демалыс орындарында тәртіп пен қауіпсіздікті қатаң сақтауды тапсырған болатын. Аталған тапсырма аясында тиісті жұмыстар жүріп жатырн. Салаға жауапты басшылар бірқатар туристік нысандарды аралап, қызмет көрсету сапасы, инфрақұрылымның жай-күйі және тазалық талаптарының орындалу барысын көрді.

Жауапты тұлғалар мен жағажай жұмысын жүргізіп жатқан кәсіпкерлерге анықталған кемшіліктер бойынша сын-ескертпе айтылып, нақты тапсырмалар берілді. Тазалық пен қауіпсіздік талаптарын сақтамағандармен заң шеңберінде жұмыс жүргізілу үстінде.

Сонымен бірге жағажайларда құтқарушылар санын көбейту, суға тым жақын орналасқан сәкілерді талапқа сай алыстату, автотұрақты реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жауаптылар мониторинг жұмыстары тұрақты жалғасатынын айтады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You