![]()
Келес ауданында 2023-2025 жылдары «Ауыл аманаты» бағдарлама аясында жалпы құны 2 миллиард теңгені құрайтын 339 жоба қаржыландырылып, 750 жаңа жұмыс орны ашылған.
Бағдарлама арқылы мал және өсімдік шаруашылығы, жылыжай кешендері, өндірістік кооперативтер мен шағын кәсіпкерлік жобалар қолдау тауып келеді. Бүгінде ауданда жүзім шаруашылығы, шұлық өндірісі, сүт өнімдерін өңдеу және жылыжай бағытындағы жобалар табысты жүзеге асырылуда. 2026 жылы бағдарлама аясында 154 жобаны қаржыландырып, 310 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Бұдан бөлек ауылдың әлеуетін арттырып, тұрғындардың табысын көбейтуге бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы Созақ ауданында да өз нәтижесін беріп келеді. Бағдарлама ауыл тұрғындарына тек жеңілдетілген несие ұсынып қана қоймай, кәсіп бастауына, жаңа жұмыс орындарын ашуына және отандық өнім өндіруіне кең жол ашуда.
Соның жарқын дәлелінің бірі – Шолаққорған ауылының тұрғыны Раушан Бекболатқызы. Іскер азаматша биыл жыл басында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 2,5 пайыздық мөлшерлемемен 10 миллион теңге жеңілдетілген несие алып, көптен бергі арманы болған тігін өндірісін іске қосты.
Айта кетейік, «Ауыл аманаты» – ауыл тұрғындарының табысын арттыруға және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама. Жоба аясында ауылда кәсіп ашқысы келетіндер жылдық 2,5% мөлшерлемемен шағын несие ала алады. Бұл қаражат мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы немесе кооперативтер құру сияқты жобаларға беріледі.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
