Түркістан облысы: Ордабасы ауданында зиянкес шегірткеге қарсы күрес жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр

Ордабасы ауданында ауыл шаруашылығы жерлерін зиянкестерден қорғау арқылы өнім сапасын арттыруға және шаруаларға келетін экономикалық залалдың алдын алу мақсатындағы зиянкес шегірткелерге қарсы күрес жұмыстары үздіксіз жалғасуда.

Арнайы техникалар мен мамандар жұмылдырылған марокко шегірткесіне қарсы күрес жұмыстарының бүгінгі көрсеткішіне тоқтала кетсек. Жергілікті биліктің хабарлауынша, аудан көлемінде аса қауіпті зиянкес шегірткелерге қатысты зерттелуі тиіс жалпы ауданы 47 000 гектар жер толық зерделенген (Қараспан ауылдық округі – 8 000 гектар, Қажымұқан ауылдық округі – 7 000 гектар, Төрткүл ауылдық округі – 2 000 гектар, Бөржар ауылдық округі -15 000 гектар, Бадам ауылдық округі – 15 000 гектар).

Нақты зерттелген жер көлемі 47 000 гектарды құрап отыр.

Қараспан ауылдық округі – 8 000 гектар, Қажымұқан ауылдық округі – 8 000 гектар, Төрткүл ауылдық округі – 2 000 гектар , Бөржар ауылдық округі — 15 000 гектар, Бадам ауылдық округі – 15 000 гектар.

Химиялық өңдеу жұмыстары жалпы 21 095 гектар жерге жүргізілді.

Қараспан ауылдық округі – 5 500 гектар, Қажымұқан ауылдық округі – 945 гектар, Бөржар ауылдық округі — 9 800 гектар, Бадам ауылдық округі – 4 600 гектар, Бөген ауылдық округі – 150 гектар, Төрткүл ауылдық округі – 100 гектар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You