
Мемлекет басшысы жасыл экономика, оның ішінде баламалы энергия көздерін дамыту – ұзақ мерзімді тұрақтылықтың кепілі болатынын атап өтті. Өңірге қажетті электр қуатының 75%-ын сыртқы көздерден тасымалдауға мәжбүр (жалпы 445 МВт, оның ішінде 338,8 МВт — сыртқы көздер есебінен). Аталған мәселені шешу үшін 6 маңызды жоба қолға алынды.
Атап айтқанда:
— «Самұрық Қазына» қоры тарапынан Сайрам ауданында қуаттылығы 1 000 МВт болатын бу-газ стансасының құрылысы басталды. Жоба құны — 800 миллиард теңге. Келесі жылы құрылысын аяқтау жоспарлануда;
— Мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі арқылы жеке инвестор есебінен Кентау қаласында қуаты 240 МВт болатын газ турбина стансасы салынады. Жалпы құны — 155 миллиард теңге. Бүгінгі таңда конкурстық рәсімдер мен келісімшарт түзу жұмыстары аяқталды. Нысан құрылысын 2 жылда аяқтау жоспарлануда;
— Түлкібас ауданында 320 МВт-тық бу-газ және Сауран ауданында 485 МВт-тық 2 күн электр стансасының жобалары әзірленуде. Іске асыру мерзімі: 2025–2027 жылдар;
— Бәйдібек ауданында қуаттылығы 350 МВт болатын жел электр стансасының құжаттары рәсімделуде. Іске асыру мерзімі: 2026–2028 жылдар.
«Аталған жобаларды іске асыру есебінен экономикаға жалпы 1,8 триллион теңге инвестиция тартылып, 2,4 ГВт электр қуаты өндіріледі. Нәтижесінде, жаңа өндірістерді ашуға қажетті электр қуатымен қамтамасыз етіледі», — деп болжайды сарапшылар.
Ақыры энергия мәселесі сөз болған соң тоқтала өтейік. Өңірде «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның 2025 жылы инвестициялық бағдарламасына сәйкес, 6 дана – 110-35 кВ-тық қосалқы станса, 356,8 шақырым – 110–0,4 кВ электр желісін, 89 дана 10/0,4 кВ трансформатор қондырғыларына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.
«Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы шеңберінде 2025-2026 жылдарға 4,6 миллиард теңге қаралып, 48,7 шақырымды құрайтын жоғары кернеулі әуе электр желілерін реконструкциялау жұмыстары іске асырылуда.
«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС 2025-2029 жылдары жалпы 113,1 миллиард теңге келесі жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда:
- 778,9 шақырым – электр желілеріне;
- 23 бірлік – қосалқы стансаларына;
- 343 бірлік – трансформаторды реконструкциялау жоспарланған.
Сонымен қатар Сайрам ауданында — 220 кВ «Ақсу», Сарыағаш ауданында — «Жібек жолы», Отырар ауданында «Шәулдір» қосалқы стансалардың құрылысы жүргізіледі. Сонымен қатар энергетика саласында цифрландыруды іске асыру мақсатында 146 қосалқы стансаға жоғарғы деңгейдегі 959 дана және төменгі деңгейдегі 92 913 дана «АСКУЭ» есептегіш құралдарын орнату қарастырылған.
Нәтижесінде 2029 жылға қарай электр желілері мен стансалардың тозу деңгейі 57%-дан 52,8%-ға төмендеп, қосымша 330 МВт электр энергия пайда болады деп жоспарланған.
Түркістан облысында өндірілетін электр энергия көлемін ұлғайту мақсатында 2025-2028 жылдары Сайрам ауданында — 1 000 МВт бу-газ стансасы, Түлкібас ауданында — 320 МВт, Кентау қаласында 240 МВт (МЖӘ арқылы) газ турбина стансаларын салу көзделген. Оған қоса, 2026-2028 жылдары Сауран ауданында -қуаты 485 МВт (2 жоба) күн, Бәйдібек ауданында қуаты 350 МВт жел электр стансаларын салу жоспарлануда. 2025 жылы Төлеби ауданында 110 кВ «Алатау» іске қосылд), Жетісай ауданында 110 кВ «Жетісай» қосалқы стансаларының (республикалық және облыстық бюджеттер есебінен) іске қосылады.
Сонымен қатар Ордабасы ауданында 220 кВ «Бадам» қосалқы стансасының құрылысы 2025 жылдан бастап іске асырылуда.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
