Түркістан облысында тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың индикаторлары бекітілген

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында Түркістан облысына тиесілі келесі 2025 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер немесе индикаторлар бекітілген.

Алдымен ЖАО тұрғын үйді іске қосу көлеміне тоқталайық (жоспар/факт). Пайдалануға берілетін тұрғын ғимараттардың жалпы алаңы бойынша 2025 жылдың жоспары 1 060 мың шаршы метр болып белгіленген. 2025 жылдың қазан айының қорытындысына сәйкес 931,1 мың шаршы метр орындалып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,2% өсімді көрсетті.

Екінші есептік кезеңде орындалған ЖАО құрылыс жұмыстарының көлемі мынадай болып тұр (құрылыс жұмыстарының түрлері бойынша): Құрлыс жұмыстарының нақты көлем индексі бойынша 2025 жылға 584,2 миллиард теңге болып белгіленген, 2024 жылмен салыстырғанда 109% өскен. 2025 жылдың қазан айының қорытындысына сәйкес 450,6 миллиард теңгеге құрылыс жұмыстарын жүргізіліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,6% өсім көрсетті.

Түркістан облысының әкімдігі тарапынан Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Президенттері қол қойған «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру жөніндегі Жол картасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда аумағы 100 гектар жер учаскесінің қоршауы аяқталып, ішкі жолдарды салу жұмыстары жүргізілуде.

Орталыққа қажетті сыртқы инженерлік коммуникацияларды тарту жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін 200 КВт құрайтын уақытша қосалқы электр стансасы орнатылды. Инфрақұрылымды тарту құрылыс жұмыстарының аяқталуы 2026 жылдың наурыз айында жоспарлануда.

Сыртқы инфрақұрылым желілерімен қамту туралы айтсақ.

Электр энергиясы: Мақтаарал қосалқы стансасынан 25 МВт техникалық шарт алынды, 5,7 шақырым электр желісінің құрылысы басталуда, ҚМЖ құны: 5,4 миллиард теңге.

Газбен жабдықтау: Қуаты 5000 текше метр/сағ АГТС табиғи газға қосылу мүмкіндігі бар және техникалық шарт алынды, ҚМЖ құны: 120,0 миллион теңге.

Ішкі инфрақұрылым желілерімен қамту хақында.

Абаттандыру. ҚМЖ құны: 1,6 миллиард теңге.

 Су және кәріз жүйесінің құрылысы. ҚМЖ құны: 455 миллион теңге.

Электр және байланыс жүйесінің құрылысы. ҚМЖ құны: 718,0 миллион теңге.

Ішкі газ жүйесінің құрылысы. ҚМЖ құны: 74,2 миллион теңге.

Орталықты инвестициялық жобалармен толтыру мақсатында әкімдік 8 дайын өндіріс ғимаратын салу жұмыстарын жүргізуде.

Қазіргі таңда 8 дайын өндірістік ғимараттың 5 ғимаратының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, 3 ғимараттың сэндвич-панельдерін монтаждау жұмыстары қараша айының соңында толық аяқтау жоспарланған болатын.

Орталыққа төмендегі инвесторлар қызығушылық танытып отыр екен:

  1. «Liһe Group» Hanya International Economic and Trade (Hubei Co., Ltd.)», индустриалды парк құрылысы, жоба құны: 123 миллиард теңге, 800 жұмыс орны (құрылыс жұмыстары басталған);
  2. «Onelee» Food Technology» ЖШС, дәнді-дақыл өнімдерін қайта өңдеу жобасы, жоба құны: 47,3 миллиард теңге, 100 жұмыс орны;
  3. «FOOD WASTE», органикалық қалдықтарды қайта өңдеу зауыты, жоба құны: 2,8 миллиард теңге, 30 жұмыс орны;
  4. «Масло жировой завод» ЖШС, өсімдік майын өндіру жобасы, жоба құны: 2,0 миллиард теңге, 50 жұмыс орны;
  5. «Tabys Silkway» ЖШС (Өзбекстан Республикасы), ПВХ өнімдерін өндіру жобасы, жоба құны: 1,5 миллиард теңге, 10 жұмыс орны;
  6. «Мақтаарал Xingfeng Technology» ЖШС, мақта өңдеу зауыты, май зауыты және тамшылатып суару жүйелері өнімдерін өндіру, жоба құны: 5,8 миллиард теңге, 150 жұмыс орны (құрылыс жұмыстары басталған);
  7. «Taza Agro Onimderi» ЖШС (Қазақстан Республикасы), күріш өнімдерін өңдеу зауыты, жоба құны: 0,5 миллиард теңге, 45 жұмыс орны.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You