Түркістан: Түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті

80 — жылдан астам тарихы бар, көпұлтты колледжімізде бүгін түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті. Биыл оқу бітіріп жатқан жастар оқуларын үздік аяқтап, кәсіби маман ретінде дайын болып шықты. Колледж басшылығы, Көксәйек ауылдық округінің әкімі және ардагер ұстаздар кешке арнайы келіп түлектерге сәттілік тілеп, ізгі ниетін білдірді.

«Құрметті түлектер! Үш жылдың ішінде алтын уақыттарыңызды, күш-жігерлеріңізді оқуға жұмсадыңыздар. Таңдаған мамандықтарыңыз бойынша қажетті дағдыларды меңгеріп, базалық білім алдыңыздар. Енді осы білімдеріңізді тәжірибе жүзінде қолданатын уақыт келді. Қызмет барысында қарапайымдылық, адамгершілік сипаттары, меритократия және өз ісіне, кәсібіне адалдық сияқты қағидаттарды әрдайым есте сақтаңыздар. Сіздерге болашақ өмірде өз салаларыңыздың шебер маманы, адал көшбасшысы болуға тілектеспін», – деді Колледж директоры Болат Жанәбіл Серікұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.