
Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» құзыреттілігі бойынша «Kindergarten teacher- 2022»» облыстық байқауы өткізілді.
Байқау техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алатын 2-4 курс студенттерінің арасында өтті.
Жалпы, мұндағы байқау мақсаты:
— болашақ мамандардың шығармашылық ізденісі мен қабілеттілігін дамыту, біліктілігін арттыру;
— болашақ тәрбиешілердің кәсіби шеберлігін арттыру;
— білім алушыларды жан жақты дамуына жол ашу.
Аталған байқауға “Арыстанбаб” жоғары колледжінен МДТ-19-9к тобының студенті Раван-Нахчивани Индира қатысты.
Жетекшісі “Педагогика” пәнінің мұғалімі Жаңабаева Ләззат.
Түркістан облысы бойынша байқауға қатысқан 7 колледждің ішінен “Арыстанбаб” жоғары колледжінің қатысушысы Раван-Нахчивани Индира II орынды иеленіп ІІ дәрежелі дипломмен марапатталады.
Жетекшісі Жаңабаева Ләззат алғыс хатпен марапатталады.
521040 661418Just wanna input on couple of common issues, The web site layout is perfect, the articles is really superb : D. 590472