
Биылғы Балалар жылына орай «Балауса» жазғы лагерінде кинокөрсетілім өтті. Түркістан облысы мәдениет басқармасы «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен өткен көрсетілімде демалушы көрермен «САҚ» киностудиясының «Қошқар мен текенің» жалғасы «Теке мен серке» анимациялық фильмінің 3 бөлімі мен тәрбиелік мәні зор «Мейірім шуағы» қысқаметражды фильмін тамашалады.
Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Балалардың жазғы сауықтыру демалыс лагерінде бір ауысымда 150 бала демала алады. «Оңтүстікфильм» мекемесінің басшысы Райхан Дәрменқыз: «Қазіргі таңда көрсетілімдер өскелең ұрпақ үшін нағыз тәрбие құралы деуге болады. Біз мекеме жоспарына сәйкес, кинокөрсетілімдер ұйымдастырып келеміз» — деді.
Еске сала кетейік, оңтүстік өңірде түсірілген көркем және анимациялық фильмдерді насихаттау мақсатындағы мұндай көрсетілімдер облыс орталығындағы мектептер мен балабақшаларда, сондай-ақ аудан-қалаларда тұрақты түрде өткізіліп келеді. «Кішкентай көрерменге көтеріңкі күймен қатар, қандай да бір жағымды ой қалыптастыра алсақ, мақсаттың орындалғаны» — дейді ұйымдастырушылар.
538029 657196Having been simply seeking at useful blog articles with regard to the project research when My partner and i happened to stumble on yours. Thanks for this practical info! 125531