Түркістан қаласы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің баспасөз қызметінің берген мәліметі осыундай.
Ы.Алтынсарин Академиясының ұйымдастыруымен You tube платформасы арқылы онлайн форматта тамыз конференциясы өтті. Негізгі тақырып — Инклюзивті практиканы дамыту контексінде барлык білім беру ортасын құру.
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қолдау мәселесі талқыланған республикалық кеңеске Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің дефектолог-логопед мамандарының әдіскері Дана Бабишева, Түркістан қаласының логопед және дефектолог мамандары қатысты.
«Жалпы инклюзивті білім беру дегеніміз – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту, сондай-ақ олардың қоғамнан шет қалмауына жағдай жасау. Конференцияда өңірлік деңгейде инклюзивті білім беру жұмыстарын үйлестіру, инклюзивті білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, инклюзивті ортаны құруда мектеп әкімшілігінің рөлін арттыру мәселелері көтерілді. Сала мамандары осыны назарға ала отырып 2022-2023 оқу жылын жаңа қарқынмен бастап, бекітілген жұмыстарды жоғары деңгейде атқаратындығына сенімдімін»,- деді Дана Халмұратқызы.
Жалпы облыс орталығында ерекше білімді қажет ететін балаларға білім беру бойынша 4 ресурстық орталық жұмыс істейді. Атап айтқанда, №1 А. Байтұрсынов, №16 Т. Бигелдинов, №21 М. Пошанов, №24 М. Шоқай атындағы мектептерде 40-қа тарта маман еңбек етеуде.
Былтырғы жылы аталған мектептердегі орталықта 48 оқушы білім алды. Ерекше балаларды ресурстық орталыққа кабылдау психологиялық-медициналық-педогогикалық комиссия (ПМПК) корытындысының шешімі және жолдамасы арқылы жүзеге асырылады.