ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА

Еңбекші ауданының әкімі ауданының белсенді азаматтары және билерімен кезекті кездесу өткізді.

Жиында аудан әкімі Досбол Күздікбайұылы Есілбек алдыңғы кездесулерде аудандағы Қоғамдық бақылау кеңесінің мүшелерінен және аудан тұрғындарынан 48 шешімі табылмай жатқан сұрақтар келіп түскенін жеткізіп, сол  бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.

 «Қазіргі таңда 48 тапсырманың 9 тапсырмасы орындалды. 39 тапсырма бойынша жұмыс жүргізілуде. Оның ішінде 35 тапсырма жыл соңына дейін толығымен орындалады. Қалған төрт тапсырма 2023 жылы толығымен орындалады деп жоспарлануда»,-деді аудан әкімі.

Атап айтқанда «Қаратөбе» аумағында орналасқан емханаларға тұрғындарды тіркеу жұмыстары жүргізілді.

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-мен Тоғыс тұрғыналабында орналасқан 2 трансформатор қоршалып, 7 электр бағаналары ауыстырылды.

Мұнайбарлаушылар көшесінде орналасқан ойын алаңшасына 6 бағана  орнатылды. Нәтижесінже, алаңша толығымен жарықтандырылды.

Маятас т/а Көлді көшесі бойына 7 дана, Елтай т/а Найзатас көшесі бойына 6 дана, Жыланбұзған тұрғын алабындағы Қарақыстақ көшесі бойына 3 дана, Айнатас т/а орталық Айнатас көшесі бойына 4 дана қажетті жол белгілері мен аялдама павильондары орнатылыпты.

 

Сонымен бірге «Қазығұрт» аумағының дамуы туралы төлқұжаты әзірленіп, «Қазығұрт» аумағы бойынша санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты бақылауға алынған. Күнделікті «НұрОлжа» ЖШС-і тарапынан аптасына 2 рет тиісті жұмыстар жүргізілуде. Базарқақпа, Абдуллабад және Тұрдыабад елдімекендердегі 3000 үйге бекітілген лимит шегінде ( 16 млн м3) ағын су берілуде. Елтай мен Тоғыс елдімекеніне 4G технологиясымен базалық станция орнатылып сапалы интернетпен қамтылды. «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен Қарабастау тұрғыналабында бүгінде 100% тұрғын үй электр қуатына қосылыпты.

Аудан тұрғындары хаттамалық тапсырмалар орындала бастағанын, қолға алынған жұмыстар халыққа түсіндіріліп жатқанын атап өтті. Және сол жұмыстарға дән риза екендерін жеткізді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.