Таза Қазақстан: Түркістан облысында тазалықты сақтау тұрғындардың күнделікті өмір салтына айналып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында әр аптаның сенбі күні кең ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, тұрақты түрде жалғасып келеді.

Бүгінгі сенбілік барысында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдардың бойында, сондай-ақ елді мекендердің ішкі көшелерінде кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді. Таңертеңнен басталған шараға аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге 13 ауылдық округ пен қала әкімдіктері, мемлекеттік мекемелер мен бөлімдер, жастар белсенді түрде қатысты.

– Мемлекет басшысының бастамасын қолдау және аудан тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында тазалық жұмыстары қарқынды ұйымдастырылуда. Қоршаған ортаны қорғау – әр азаматтың борышы. Тазалықты сақтау – күнделікті өмір салтымызға айналуы тиіс. Туған жеріміздің тазалығы – өз қолымызда. Осы ретте баршаңызды «Таза Қазақстан» бағдарламасына белсенді атсалысуға шақырамын, – деп аудан әкімі сенбіліктің маңыздылығын атап өтіп.

Сонымен қатар, аудан басшысы қала аумағын аралау барысында Сарыағаш қаласының әкіміне кәсіпкерлер арасында тазалық талаптарын сақтау бойынша ескерту жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ салаға жауапты басшыларға сенбілікті ұйымдастыруды жүйелі түрде күшейту міндеттелді.

Сенбілік барысында бей-берекет тасталған күл-қоқыстар жиналып, жабайы шөптер шабылды, қураған ағаш бұтақтары кесілді, арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Атқарылған барлық жұмыстар аудан аумағының экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталды.

«Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау, сондай-ақ «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаты негізінде отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру.

Келес ауданында 100-ге тарта азамат кеден аумағын тәртіпке келтірді

Келес ауданы аумағында орналасқан стратегиялық маңызы жоғары нысандардың бірі – Бауыржан Қонысбаев кеден бекеті. Бұл бекет еліміздің басты қақпаларының қатарында саналып, тәулігіне мыңдаған жүк көліктері мен азаматтарды қабылдайды. Бүгін аталған аумақта аумақтың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ауқымды тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстары Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың тапсырмасымен жүзеге асырылды. Шара барысында алдын ала жоспарланған аумақ бірнеше секторларға бөлініп, ауданға қарасты ауылдық округтердің мамандары, ұйым қызметкерлері және қоғамдық ақылы жұмысқа тартылған азаматтар бірлесе жұмыс атқарды.

Жалпы, кеден бекеті аумағын тәртіпке келтіруге 100-ге тарта адам жұмылдырылды. Қатысушылар аумақты қоқыстан тазартып, жол бойындағы және бекет маңындағы инфрақұрылымның санитарлық жағдайын жақсартуға үлес қосты.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздің транзиттік әлеуетін арттыру, кеден бекеттеріндегі қызмет сапасын және тартымдылығын көтеру, сондай-ақ тазалық пен тәртіпті қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Президент жүктеген міндеттерді тиімді орындау мақсатында Келес ауданында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Алдағы уақытта да кеден бекетінің санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, инфрақұрылымдық талаптарды қатаң сақтауға бағытталған шараларды жалғастыратын болады.

Жетісай ауданында өмірден өткен коммуналдық сала қызметкерлерінің рухына арналып ас берілді

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне қарасты «Жетісай қызмет» мекемесі қызметкерлері тарапынан бүгін Асықата кентіндегі «Тәуелсіздік» саябағына ауқымды сенбілік жұмыстары жүргізілді.

Аумағы 5 гектарды құрайтын «Тәуелсіздік» саябағы 2018 жылдан бастап аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын инспекциясы бөлімінің «Жетісай қызмет» КММ теңгеріміне берілген.

Коммуналдық сала қызметкерлерінің қатысуымен «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық экологиялық шарасы аясында өткен сенбілікте қураған ағаштар кесіліп, шөптер шабылды. Тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілді.

Аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың тікелей тапсырмасымен аталмыш саябаққа жасақталған сметалық құжаттама бойынша бүгінде тиісті жұмыстар басталған.

Алдағы уақыттарда саябақ аумағы абаттандырылып, жаяу жүргінші жолдары жасалады, қоршау орнатылып, қураған ағаштардың орнына жаңадан 3 мыңға тарта түрлі декоративті ағаштардың көшеттері егілетін болады.

Сенбілік соңында «Жетісай қызмет» мекемесінің қызметкерлері тарапынан өмірден өткен ұжымдастарының рухына құран бағышталып, ас берілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You