«Ясауи төрінде» бағдарламасы қолға алынды

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мерейлі 30 жылдығына арналған маңызды 30 жобаның он бесіншісі – «Ясауи төрінде» бағдарламасы. Осындай атаумен Рамазан айында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті мен «Turkistan» телеарнасы бірлескен жобаны жүзеге асырды. Маңызды тақырыптар қозғалған бағдарлама рухани кемелдік айында күн сайын қалың көрерменге жол тартты.
Ораза ұстау – мұсылмандар үшін адамзатты жақсылыққа үгіттейтін, еселенген сауаптарға жетелейтін ізгі амалдардың бірі. Рамазан – игілікке ұмтылып, ізгілік насихатталатын қасиетті ай. Жаңа бағдарлама дәл осы мақсатта көрерменмен қауышты. «Turkistan» телеарнасынан көрсетілген бағдарлама барысында 30 күн бойы Ислам дінінің мәні мен маңызы, Пайғамбарлар тағылымы, сондай-ақ, Рамазан айының қадір-қасиеті, айшықтары мен артықшылықтары насихатталды. Бағдарламаны Теология факультетінің оқытушысы доктор, профессор Камиль Яшароғлу тізгіндеді.
Университетіміздің ректор өкілі, профессор Женгиз Томар, Теология факультетінің деканы, профессор Досай Кенжетай және факультет оқытушылары – профессор, доктор Жасим Авжы, профессор, доктор Метин Йылмаз «Ясауи төрінде» бағдарламасына қонақ болып, құндылықтарды талқылады.
Түрік тілінде жүргізілген бағдарламаның қазақ тіліндегі аудармасы субтитр арқылы көрермен назарына ұсынылды. Осылайша қасиетті айда қазақстандықтарды рухани кемелдікке жетелейтін жарқын жоба жүзеге асты.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.