Мақтаарал: Ұстаздар оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді

Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты №31 “Береке жалпы орта мектебі” КММ- нің ДТІЖО П.Байменова, педагог-психолог А.Камбарованың ұйымдастыруымен «Ата-аналарға балалардың жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау және келеңсіз жағдайлардың алдын алу» тақырыбында оффлайн жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры М.Даубаева 2021-2022 оқу жылына қорытынды жасады, жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң ұстануға шақырды. Екінші мәселе бойынша ДТІЖО П. Байменова жазғы демалыс күндері балалардың өмір қауіпсіздігі,суға шомылу, өрт қауіпсіздігі, жол қозғалысы ережелерімен таныстырып , құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ата — аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Педагог-психолог А.Камбарова баланың өмір қауіпсіздігіне, психологиялық жай-күйіне толыққанды ата-ана жауапты екендігін атап өтті, бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн науқаны бойынша ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мақтаарал АПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы, полиция капитаны Қ.Тузелов
отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша және жұртшылықты кеңінен ақпараттандыру, олардың полиция органдарына сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» республикалық акциясы өткізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жиналыста ата-аналарға жаз мезгілінде бала өмірінің қауіпсіздігін сақтау үшін қауіпсіздік ережелері айтылып, слайдттар көрсетіліп, анықтама берілді.
Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол — өмірді сақтап қалу.
Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы «Қауіпсіз жаз» слайдынан өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып, дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық.Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті. Жаз – балалар үшін сауық-сайран мен жайбарақаттық кезең. Ал ата-аналар өте мұқият болуы керек, себебі демалыс орындарында түрлі қауіптер болуы мүмкін. Сондықтан әр ата-ана жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелерімен таныс болған жөн. Оны балаларыңызға айтып қойған артық етпейді.
Жазғы демалыстағы жалпы қауіпсіздік ережелері
Қауіп тек демалыс орындарында емес, балалар алаңында, жолда немесе қоғамдық орындарда да болады. Сондықтан кей ұсыныстарды ескерген дұрыс:
— Балаға күн тиіп қалмас үшін жаздың ыстық күндері міндетті түрде бас киім кигізу керек;
— Баланың тамақ ішер алдында қол жууды әдетке айналдыруын қадағалаңыз;
— Жаз мезгілінде тамақтан уланып қалу қаупі артатындықтан, жемістер мен көкөністердің балғын болуын қадағалап, жақсылап жуыңыз;
— Баланы бағдаршамнан өтуге үйретіп, автомобиль тигізуі мүмкін қауіп туралы түсіндіріп айтыңыз;
— Балаға ойнау алаңында өзін қалай ұстау керектігін айтыңыз. Соның ішінде, әткеншекке жанынан келу керектігін түсіндіріңіз;
— Баланы жазғы кездегі өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру керек. Ересек адамсыз от жақпауын өтініп, оның жылдам тарайтындығын айтыңыз.
Жазда судағы қауіпсіздік ережесі
Отбасылардың барлығы ыстық күндері балаларымен бірге суға шомылуға барады. Ересектер де, балалар да рақаттана суға түсіп, күнге күйіп, таза ауамен демалады. Суға шомылуға барарда мына ережелерді ескерген жөн:
— Балаға сіздің қарауыңызсыз тіпті, үрлемелі дөңгелектер мен матраста болса да суға түсуіне рұқсат бермеңіз;
— Кішкентай баланы суға тек жүзгіш жилетпен немесе жеңдікпен жіберіңіз;
— Балаларға суда тығылатын немесе бір-бірін батыратын ойын ойнауына рұқсат бермеңіз. Оның орнына қуыспақты да, тығылыспақты да жағажайда ойнауларын өтініңіз;
— Күн қатты ысып кетсе, баланың терісі күйіп кетпес үшін арнайы күннен қорғайтын құрал жағып қойыңыз.
— Салқын тиіп қалмас үшін баланың суда болған уақытын бақылаңыз;
Жазда табиғаттағы қауіпсіздік ережесі
Егер отбасыңызбен табиғатқа (саябақ) шықсаңыз, мына ережелерді есте сақтаңыз:
— Мұндай жерлерде әдетте, кене көп болып келеді. Сондықтан балаға жабық шалбар мен жабық аяқ киім кигізген жөн. Шалбар балағын шұлыққа салып қойыңыз;
— Балаға ормандағы таныс емес саңырауқұлақтар мен жидектерді жеуге болмайтындығын түсіндіріңіз. Олар улы болуы мүмкін;
— Сона, ара секілді жәндіктердің шағуын болдырмас үшін олар бар кезде қозғалмай тұру керектігін айтыңыз;
— Мүмкіндік болса, баланы қараусыз қалдырмаған жөн.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.