Шымкент: Тұрғындардың шағымы шешімін табуда

Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Қасымбек Сайлауов пен кепілдендірілген әлеуметтік пакеттердің сапасын бақылау мақсатында құрылған арнайы жұмыс тобы азық-түлік, тұрмыстық химия топтамалары таратылатын сауда үйлерін аралады.


Арнайы мониторингтік топ қаладағы «Магнум» ЖШС сауда орталықтарындағы кепілдендірілген әлеуметтік топтамалардың таратылу барысымен танысты.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 30 қазан күні азаматтардың жеке сұрақтары бойынша онлайн қабылдау өткізген болатын. Қабылдауға жазылған қала тұрғыны кепілдендірілген әлеуметтік пакетті мерзімінде толық ала алмай отырғанын жеткізген. Онымен қоса «Магнум» сауда үйіндегі қызметкерлердің дөрекілігі жөнінде шағымданған болатын.
Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, жұмыс тобы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына тиесілі азық-түлік, тұрмыстық химия топтамаларының таратылу барысын бақылап, «Магнум» ЖШС қызметкерлеріне тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сауда орталығы қызметкерлерін әлеуметтік көмек алушылармен қарым-қатынас кезінде тиісті этикалық талаптарды сақтай отырып, сыпайылық танытуға шақырды.
Жыл басында құрылған арнайы жұмыс тобы аталған сауда орталығы өкілдерімен сапалы қызмет көрсету бағытында қажетті шараларды ұдайы атқарып келеді. Тиісті басқарма басшысы мен жұмыс тобы алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтетін болады.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы балаларына 240 мың кепілдендірілген әлеуметтік топтама таратылған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *