ШЫМКЕНТТЕГІ «ШЫМ ҚАЛА» АУМАҒЫ ӘРЛЕНДІ

Әл-Фараби ауданының әкімі бастаған тазалық жұмыстарына зейнеткерлер де, жастар да қатысты. Аудан тұрғындары «Шым қала» тарихи-мәдени кешені аумағындағы орындықтарды әрлеп, шөп орып, ағаштарды қырқып, әктеп, иригациялық жүйелер мен аумақты тазалады.
—Әрбір тұрғын қоршаған ортада жүріп-тұру мәдениетін сақтауды бойларына қалыптастыруы керек. Қоқысты қоқыс жәшігіне салудың өзі үлкен мәдениеттілікті білдіреді. Сондықтан сүйікті Шымкентіміздің гүлденуі үшін барлығыңызды осы акцияға қатысуға шақырамын, — деді Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев.
«Шым қала» тарихи-мәдени кешені санитарлық тазалық іс-шарасына 11 арнайы техника, 130-дан астам адам жұмылдырылды.

Айта кетейік, қала аумағындағы бұл бағыттағы жұмыстарға 4 жарым мыңнан астам адам қатысып, 56 арнайы техника жұмылдырылды. 10,6 шақырым аяқ жол тазаланып, 5500 дана ағаш әктеліп, қырқу жұмыстары жүргізілді. 85 текше метр қоқыс шығарылып, 4365 м ирригациялық жүйелер, 18 658 шаршы метрді құрайтын көше бойы тазаланды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шекпеген облыстар мен қалалардың әкімдеріне көшелерді тазарту, елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі науқанды бастауды тапсырған болатын. Шымкенттіктер өз қалаларын көгалдандыруға және оны абаттандыруға белсенді кіріскенін атап өткен дұрыс. Қала әкімдігінің жұмысында қаланы көгалдандыру әрқашан бірінші орында тұр. Бүгінгі таңда мегаполисте 8 саябақ, 39 гүлзар бар. 2025 жылға қарай қосымша 23 гүлзар, 4 саябақ салынады.

Биыл Шымкент қаласы аумағындағы барлық магистралды көше, ішкі орам көшелері, көпқабатты тұрғын үй аулалары, жеке секторлар ағаштары саналып, тізімі жасалады. Қазіргі таңда, 443 магистралды көшелердегі ағаштар толық саналып, zhasylsym.kz платформасына енгізілді.

Сонымен қатар, орталық көшелердегі тазалық жұмыстарына мердігер мекемелер тарапынан 2000-ға жуық жұмысшы, 155 арнайы техника жұмылдырылған.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin