Шымкент әкімі ағылшын баспа үйінің директорын қабылдады

Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов ағылшын баспа үйінің директоры Марат Ахмеджановты қабылдады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Еуразия құрлығынан шыққан ғылыми-танымдық еңбектерді жариялауға маманданған Hertfordshire Press ағылшын баспа үйі еліміздің үшінші мегаполисі туралы «Шымкент — 2200 жыл гүлденген қала» атты кітапты басып шығарған болатын.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов белгілі британдық «Hertfordshire Press» баспасының негізін қалаушы және баспагері Марат Ахмеджановпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Шымкент қаласы мен ағылшынның Стивенидж қаласы арасындағы бауырластық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Hertfordshire Press — бұл бүкіл әлемдегі ағылшын тілді оқырмандарды Еуразиямен аймақ авторларының кітаптарын, журналдарын, нұсқаулықтарын басып шығару және әдеби фестивальдер мен форумдар өткізу арқылы біріктіретін ерекше баспа. Баспа каталогында 15 елден келген авторлардың 200-ден астам туындысы бар, ал жалпы таралымы миллион данадан астам.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *