Шымкентте аудан әкімдері тұрғындарды онлайн форматта қабылдап, мәселелерін тыңдауда. Онлайн жүйеде айтылған шағымдар шешімін тауып келеді. Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Таяуда Абай ауданына қарасты Яссауи көшесінің тұрғындары асфальт төсеу, ирригациялық жүйе және жалға берілетін пәтерлер мәселесі бойынша талап-тілектерін жеткізген болатын.
Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов инфрақұрылым мәселелері бойынша тұрғындармен арнайы кездесіп, мұқтаждықтарын тыңдады.
Бұқарбай Рысқұлұлы көтерілген мәселелердің шешілу бойынша қолға алынған жұмыстардан хабардар етті. Сондай-ақ, оның уақытылы орындалуын тиісті бөлімдерге тапсырды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов онлайн форматта азаматтардың жеке мәселелерін тыңдады. Бұл туралы қала әкімдінінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Әр аптаның жұма күндері өтетін онлайн қабылдауда қала тұрғындары аулаларды абаттандыру, кәсіпкерлікті қолдау мәселесі мен көшеге атау беру, тарихи тұлғаларға ескерткіш орнату және білім салаларына қатысты сұрақтарын жолдады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат