Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекова жоспарлы кестеге сәйкес азаматтарды қабылдады

Түркістан: Арыстағы шағын ауданында аялдама салу мен жердің құжаттандырылуына қатысты түйіндер тарқатылды.


Ұйымдастыру бөліміне түскен өтініш бойынша 9 азаматтың орнына 13 тұрғын қала әкімінің қабылдауында болып, көкейде жүрген өз мәселелерін шешудің жолын қарастырды.

Әкімнің жеке қабылдауына алдымен кірген Қазақстан Республикасында ауыр атлетикадан еңбек сіңірген жаттықтырушы Дүйсебек Құрманов спортты дамыту мәселесін сөз етті. Ал зейнеткер Күләш Еребаева Телқозы Еребаевтың атына көше беруді сұрай келген.

Сонымен қатар, теміржолшы Досбол Жұмабек пен қала тұрғыны Роза Тасыбаева әскери салада еңбек ететін ұл, қызын баспана кезегіне қою жайын сұрады. Сондай-ақ, осыған ұқсас мәселені тағы сегіз тұрғын сұрай келді.

Азамат Тасмұрат Тастеміровтің Арыс шипажайының маңына «Ақаба сервис» мекемесі күл-қоқыс төгетіні туралы шағымы сол мезетте-ақ шешімін тапты. Ал зейнеткер Раушан Күлембаеваның да «Назерке» саябағын іске қосу немесе балалар ойнайтын спорт алаңшасын сұрауы әкім тарапынан назарға алынды.

Әкімдік ғимаратында өткен қабылдау кезінде 100 орындық балабақшаның қаржылық қолдауға мұқтаждығы айтылып, ПМС шағын ауданында аялдама салу мен жердің құжаттандырылуына қатысты түйіндер де тарқатылды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.