![]()
Қарттар күніне орай Отырар ауданында әлеуметтік қамқорлық пен қайырымдылықты ту еткен «Қарияға қамқорлық – ұлтқа құрмет» атты ауқымды акция өтті.
Игі бастаманың басты мақсаты – ел дамуына үлес қосқан ардагерлер мен жалғызілікті қарияларға әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ жастар арасында еңбексүйгіштік пен үлкенге құрмет мәдениетін қалыптастыру. Акция аясында ауданның белсенді жастары мен еріктілері жалғызбасты қарттардың шаңырақтарына арнайы барып, әлеуметтік-тұрмыстық көмек көрсетті. Жастар қариялардың ауласы мен үй маңын тазалап, шаруашылық істеріне қолғабыс етті.
Өз кезегінде қариялар жастардың бұл ықыласына риясыз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.
– Қариялар мен ардагерлерді әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі. Аға буын өкілдеріне қамқорлық жасау мен оларды еңбекке баулу арқылы жастардың бойында жанашырлық пен жауапкершілік қалыптасады, – дейді ұйымдастырушылар.
Ауданда әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларға, қариялар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бағытталған қайырымдылық жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
