Бәйдібек: Білім саласын дамытуға бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 1,3% артып отыр

 Ілім мен білімнің дамуы —  адамзат өркениетінің өлшемі. Олай болса білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең  — бұл жаңа дәуір. Жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор.   

Қазақстан   Республикасы    Үкіметінің    2021    жылғы    12    қазандағы №726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру» Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде    күннің өзегі — жас ұрпақтың рухани кемелі. 

Балаларды ең бастысы ұлттық құндылықтарға бай, тіліне, діліне, тарихына, әдебиеті мен мәдениетіне,  салт-дәстүрге берік, рухы мықты, танымы мен тағлымы кең тұлға ретінде қалыптастыру барысында ең негізгі сын да, салмақ та ұстаздарға артылатыны түсінікті. Осы орайда Бәйдібек аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы

Құлымбет Ақбала Аманбайқызымен жолығып, осы бағыттағы жоспарлары ме, атқарылып жатқан жүмыстары жайлы сұрадық.

«Әрбір білім беру ұйымының міндеті — ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары бар және оны қоршаған болмыста бәсекеге қабілетті бола алатын білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру екендігі баршамызға белгілі.

Осы орайда, 2022-2023 оқу  жылында  білім  беруді  ұйымдастыруда  келесі  міндеттерге назар аудару керектігін баса айтқым келеді:

  • білім алушылардың білімін толықтыру;
  • қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;
  • білім алушыларға сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау;
  • инклюзивті білім беруді қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, 2022-2023 оқу  жылындағы ерекшеліктерге тоқталып кетсем:

  • Оқу жылының      ұзақтығы        1-сыныптарда           35        оқу      аптасын, 2-11     (12) сыныптарда – 36 оқу аптасын құрау көзделсе,
  • оқыту қазақ      тілінде       жүргізілетін         мектептердің         1-сыныбында:
  • «Әліппе» және «Ана тілі» пәндерінің берілуі;
  • Шетел тілі» және «Орыс тілі» пәндерінің оқытылмауы;
  • «Көркем еңбек» пәні 1 сыныпта екі пәнге бөлінуі: «Еңбекке баулу» және
  • «Бейнелеу өнері»,
  • Үлгерімі төмен білім алушылармен жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастыру,
  • Ерекше білім   беруді қажет ететін білім алушыларға тиімді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету,
  • Білім алушылардың           білім   жетістіктеріне           мониторинг   жүргізу  (4, 9 сыныптар),
  • «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер үшін білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізілуі,
  • Халықаралық пәндік олимпиада    жеңімпаздары          мен олардың  педагогтеріне бір реттік ақшалай сыйақының тағайындалуы,
  • Ұлттық құндылықтар негізінде мектептің мәдени ортасын қалыптастыру,
  • Балалар жылына арналған іс-шараларды өткізу,
  • «Оқуға құштар мектеп», «Дебат қозғалыстары», «Мектеп парламенті»,

«Балалар және театр» «Жылыжайлар» және т.б. жобаларын іске асыру,

  • «Мектеп-ата-ана консилиумы»            мектеп-ата-ана         қарым-қатынасының  жаңа форматын енгізу,
  • Ертеден кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу,
  • Жан басына шаққандағы қаржыландыру механизмін жүзеге асыру,
  • Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа ережелерін енгізу,
  • Аймақтарға үздік педагогтерді тартудың арнайы бағдарламасын енгізу
  • «Тірек мектебі – магнитті мектептер» кешені», «Виртуалды мектеп»,
  • «Цифрлық мұғалім» пилоттық жобаларын енгізу іс-әрекеттерінің

барлығы білімді ұрпақ тәрбиелеудегі қажеттіліктен туындаған шаралардың жемісі. Сонымен қатар, оқушылардың апталық жүктемелері қысқарып, қажетті біліммен қамтамасыз ету мақсатындада мемлекет тарапынан оңтайлы шаралар қабылданып, білім саласында біршама өзгерістер орын алуда.

Бұл өзерістер алдағы уақытта да өз жалғасын табатындықтан, оқушының жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындататын білікті ұстаздарымыздың толыққанды жұмыс істеуіне зор мүмкіндіктер беретін болады»,-дейді Ақбала Аманбайқызы.

 Ақбота Аманбайқызының айтуынша,  бұл бағытта кезек күттірмейтін мәселердің бірі оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру мақсатында  26 мамыр мен 17 маусым аралығында 46 білім беру ұйымдарынан (ата-аналардың өтінішін қанағаттандыру мақсатында) 3563 оқушы тіркеліп, жазғы мектептерде өз білімдерін жетілдіріп, ата-аналар тарапынан өзіндік оң бағасын алып отыр. Бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны сөзсіз. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында 1-сыныпқа келетін 1130 баланың ситсен бағдарламасы бойынша 970-і (83%) қабылданса, 160 оқушы E-gov бағдарламасы арқылы тіркеуден өтіп, қабылдау жұмыстары жүргізілді.

         «Білім беру қызметкерлерінің алдағы кезеңде де білім берудің басым бағыттарын жүзеге асыруға, білім берудің тиімді инфрақұрылымын жетілдіруге серпін беріп, ықпал жасауымыз керек.

2022 жылға бюджет есебінен білім саласын дамытуға 13 миллиард 299 млн 445 мың теңге қаралып, өткен жылмен салыстырғанда 1,3% артып отыр».  

Әр жаңа оқу жылында аудан орталығында ғана емес, өңіріміздің шалғай елді мекендерінде де оқушылардың заман талабына сай жабдықталған мектептерде білім алуына зор мүмкіндіктер жасалып,  өтпелі құрылыс жұмыстары аяқталған «Досан» мектебі мен «Жолғабас» мектебінің жапсарлас қосымша оқу ғимараттары және де М.Әуезов ІТ мектеп-лицейінің жанынан тұрғызылған қосымша спорт зал құрылысы жаңа оқу жылының қарсаңында пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, ыңғайластырылған жайда орналасқан 4 («Күлтөбе», Алтынсарин, Төменгі Боралдай, С.Сейфуллин бастауыш мектебі) білім ұйымдарының ішінде жаңа құрылысты қажет ететін Алтынсарин мектебіне 150 орындық мектеп-жайына қажетті қосымша жер телімі бөлініп, актілері рәсімделсе, «Күлтөбе» негізгі орта мектебінің аумағына тиесілі мөлтектен «мемлекеттік жекеменшік әріптестік» 300 орындық мектеп құрылысын салуға рұқсатнама алынып, құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

Есіркеп батыр атындағы мектеп ғимаратына 94 млн 790 мың теңге қаржы қаралып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, 72 млн 478 мың теңгеге Абай, Байменов, Есіркеп батыр, Қ.Сәтбаев, Л.Өтешов, «Қайнар», «Алмалы», Қ.Өтемісұлы, Т.Қазақбаев мектептерінің жылыту қазандықтары мен жылу жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен-ақ, 4 ауыл-әкімшілігіне табиғи газ құбырлары тартылғандықтан, 11 білім беру ұйымдарындағы («Жүзімдік», «Бөген», «Қайнар», «Қосбұлақ», «Мыңбұлақ», «Досан», С.Жиренов, Б.Момышұлы, Домалақ ана, Қ.Өтемісұлы, «Сарыбұлақ») жылыту қазандықтарын табиғи газға қосу қажеттіліктері туындап, тиісті құжаттары рәсімделуде.

Бас ұстаз, оқушылардың оқулықпен қамтылуы туралы да айтты. «Жалпы 2022-2023 жаңа оқу жылында 2-сынып оқулықтары толық көлемде, сонымен қатар, 7-сыныптар үшін «физика», «химия», «биология» қостілді оқулықтары мен 5-11 сыныптар үшін «Абайтану» оқулықтарын жаңарту жоспарланып, барлық білім беру ұйымдарына жеткізілуде.  «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», – деген Абай атамыздың өзі рухани азықтың бастау бұлағы болып табылатын кітаптың адам өміріндегі алар орнын бір ауыз сөзімен көрсетіп, «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық біліуге» — деп аманаттап кеткендей алдағы уақытта да «мектеп пен отбасында күнделікті 20 минут кітап оқуды ұйымдастыру» талаптары жалғасын табуда».

         Оның сөзіне, білім саласының басты бағыты – бала тәрбиесі. Терең тәрбиемен берілген білімнің әрбір оқушыны биікке жетелейтіні де дәлелдеуді қажет етпейтін қағида

2021-2022 оқу жылында Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде 2 оқушының қатысуымен 2 құқықбұзушылық фактісі тіркеліп, «Бөген», «Жүзімдік» мектептерінен бір-бір оқушы есепке алынған.

Құқықбұзушылықтың алдын-алу және профилактикалық шаралар жүргізу мақсатында тыйым салынған уақытта  балалар мен жасөспірімдердің  жүруін бақылау үшін ішкі істер органдарымен бірлескен рейдтер ұйымдастырылды.

Сонымен бірге, аудандық прокуратура, ішкі істер бөлімі, қоғамдық ұйым өкілдері және ата-аналардың қатысуымен «Жасөспірім», «Сен және сенің құқығың», «Балалар құқығы туралы декларация» т.б. іс-шаралар өткізілді.

Қазіргі балалардың түсінігі, арман-қиялы өте жоғары, ақпараттық орта да өзіндік әсерін тигізіп жатқаны рас. Алайда талғам өзгергенімен – талап жалғыз. Ол – қазіргі заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру. Себебі тәлім мен тәрбие мәселесі – қоғамымыздың келешегі.

Баланың болашағына мектеп басшылығы мен ата-ана бірдей жауапты. Сондықтан да алдағы кезеңде себепті өзгеден іздемей, болашағымыз – балалардың тәрбиесі жолында мектеп, ата-ана және қоғам болып, бірлесіп жұмыс істеуге шақырамын.

Мемлекет болашағының кепілі — жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екендігі туралы қазақтың кемел талантты ұлы, әрі ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек», — деп атап көрсеткен болатын.

Қазіргі таңда, жалпы аудандағы 47 мектепке дейінгі ұйымдарындағы 352 педагог мамандар (мемлекеттік балабақшадағы-208, жекеменшік балабақшадағы- 75. шағын орталықтағы-69 педагог)

— 15 мемлекеттік балабақшадағы 1-6 жастағы бала саны 1385; 

— 7 жекеменшік  балабақшадағы 1-6 жастағы бала саны  770;

— 25 мектеп  жанындағы шағын орталықта 735 бала;

1-6 жас аралығындағы (мектепке дейінгі ұйымдармен қамтуға қажеттілігі бар) балаларды 99,7 пайыз қамтып, 2890 баланы тәрбиелеуде.

Дегенмен, мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі қордаланған бірнеше мәселеге тоқталып өтсем.

— балаларды оқыту барысында қолданылатын әдістер мен нысандардың қазіргі заман талабына сәйкес келмейтіндігі, инновациялық технологияларды енгізуде жаңа заманауи құрылғылармен қаматамасыз етуде бірізділіктің болмауы бүлдіршіндердің дамуына өзіндік кедергілерін тигізуде;

Сонымен қатар, көптеген балабақшаларда балаларды ұрып-соғу деректері мен балабақшаға балаларды келтірмей қаржы бөлу мәселелері көбейіп, азаматтық жауапкершіліктің жоқтығынан мектепке дейінгі ұйымдардың көпшілігі қоғам талабына сай еместігі көрінуде.

Осындай қордаланған мәселелерді біріздендіру мақсатында балаларды толыққанды электорнды түрде түгелдеу шаралар мен бейнебақылау орнату және заң талаптарына сәйкестендіріп лицензиялау жұмыстары жүргізілетін болады.

         «Тегінде адамзат баласы бір-бірінен ақыл, білім, ар, мінез қасиеттерімен озады» деген ұлы ақын Абайдың сөзі қай заманда да өз мәнін жоймақ емес. Осынау қасиеттерді дамытуда білікті ұстаздарымыздың алар орыны ерекше.

Аудандағы 760 мектеп бітіруші түлектердің 650 (85,5%) тестілеуге қатысып, орта балы 74,9-ды құрады.  

Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысымен Қ.Өтемісұлы, Н.Арапов Қ.Байменов, «Сарыбұлақ», Есіркеп батыр мектептерінің оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізіп, мектеп бітіруші түлектердің 55,4 пайыз оқушы (360 бала) жоғарғы оқу орындарына мемлекеттік грант иегерлері атанды.

Сонымен қатар, 11-сынып түлектерінің ішінен 13 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 49 оқушы «Үздік аттестат» иегеріне ұсынылып, білім мекемелерінде тапсырылған мемлекеттік емтихандардың қорытындысымен барлық үміткерлеріміз «өте жақсы» деген бағамен 11 жылдық білімнің нәтижесін көрсете білді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 11.11.2021 жылғы №559 бұйрығы негізінде жұмыстар жүргізіліп, мектеп басшыларына таныстырылды.

Аталған жайттың негізгі мақсаты осы арқылы «білім беру ұйымдары жұмысының тиімділігін және білім беру қызметтерінің сапасын арттыру» көзделсе, екіншіден, бірінші басшылардың кәсіби әлеуеті мен басқарушылық тәжірибесін тиімді пайдалануға бағытталып отыр.

Қазіргі уақытта Бәйдібек ата ауылында орналасқан «Ақтау» және Алмалы жалпы орта мектеп директорлары өзара келісімдері бойынша ротацияланса, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының арасында «Балдырған», «Бәйтерек», «Аружан», «Шапағат» балабақша меңгерушілеріне ротациялау жұмыстары жүргізіледі.

         Қазіргі кезде мемлекетіміздің қолдауымен бүкіл ел болып жетімдікті азайту қолға алынуда. «Тәрбие басы – талбесік» демекші, көп нәрсе отбасындағы тәрбиеге байланысты. Толыққанды отбасында тәрбие алған жас ұрпақ жетімдердің көбеюіне жол бермеуі тиіс.  

Осыған орай, «Жетім көрсең жебей жүр, қолтығынан демей жүр»-дегендей аудандағы қорғаншылық-қамқоршылық тәрбиедегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 44 бала тіркеліп, 1 бала патронаттық тәрбиеге берілген.

2022 жылға аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына «міндетті оқу қорынан» қаралған қаржы есебінен атаулы әлеуметтік көмек алатын 452 балаға оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер әперу үшін ата-анасының (заңды өкілдерінің) жеке есепшоттарына 37 мың 245 теңгеден аударып берілді.

«Үлкеннің мыңын қуантқанша, баланың бірін қуант»-дегендей кәсіпкер ағаларымыздың демеушілігімен 150 балаға жәрдем жасаса, «Аманат» партиясы 25 балаға, сондай-ақ С.Ерубаев мектеп оқушыларына 1 млн теңгеге 20 балаға қаржылай көмек беріп, елдің қуанышына бөленді. Алдағы уақытта 150 балаға қол ұшын беру көзделуде.

Соынымен қатар, «міндетті оқу қорының» есебінен 2176 (16,9%) аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына бір мезгіл байытылған тегін ыстық тамақ берілуде. Бұл да –мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қамқорлықтың шынайы көрінісі.

Дегенмен, М.Әуезов, Бөген, Абай, О.Тайманов, Боралдай, Қ.Сыпатаев секілді типтік үлгіде салынған мектептердегі асханалардың ас блоктарын заман талабына сай жабдықтармен жабдықтауға қаржы көздерін қарастыру мүмкіндіктері оңтайлы шешімін таппауда.

Тәлім-тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары. Осыған орай жаз мезгілінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сауықтыру орталықтарымен қамтамасыз ету басты мақсатымызға айналуда.

2022 жылы «Балалар жылына» арналғандықтан ауданымыздағы «Тау шыңы» жазғы сауықтыру лагеріне 8 ауысыммен 1000 баланы бюджет есебінен тегін демалуына жағдайлар жасалып, жазғы демалыстарын қызықты өткізді.

Оқу ағарту министрі А.Аймағанбетовтің бастамасымен қосымша біліммен қамту өскелең ұрпақтың қарым-қабілетін дамытуды қолға алып, Үкімет тарапынан қолау таппақ бастама.

Осыған орай, спорттық және шығармашылық білім беру ісіне мемлекет тапсырысы бойынша қосымша қаржы бөлініп, 2 (О.Тайманов атындағы саз және өнер мектебі 513 оқушы, «Оқушылар үйі» мемлекеттік мекемесі 337 оқушы) қосымша білім беру ұйымдарына 850 оқушы, сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы үйірмелерге 5436 оқушылар (42,4 пайыз) тартылып, тиісті бағыттары бойынша өз білімдерін шыңдауда.

Сондай-ақ, алдағы уақытта да орыс тілі, ағылшын тілі, домбыра, спорттық т.б үйірмелерге балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында тиісті жұмыстарды ұйымдастыру көзделуде.

          «Ұстазы талапты болса, шәкірті талантты болады» — демекші алдына жаңа  талап қойып, білім беру жүйесіндегі жаңарту шарттарын ұстанған  білім ұйымдары мен ізденімпаз ұстаздарымыздың жемісті жұмыстарын әрқашанда мақтаныш тұтатынымыз хақ!      

Білім ұйымдарындағы үздік ұстаздарымыз бен озық ойлы шәкірттеріміздің олимпиадалар мен ғылыми жұмыстардан алған орындар саны жылдан жылға артып, облыс, республика деңгейінде жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

Жалпы пәндер арасында өткізілген республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде М.Әуезов ІТ-мектеп-лицейі (Қазақстан тарихы пәнінен Жахангер Дарын Асфандиярұлы, өзін-өзі тану пәнінен Жолтай Гүлайым Жарасханқызы), «Борлысай» (география пәнінен Шырынтай Нұрмұхаммед Жандосұлы), О.Орманов (биология пәнінен Қасымхан Асылайым Рүстемқызы) мектептерінің оқушылары (І орын) АЛТЫН иегерлері атанса, «Сарыбұлақ» (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Жұмахан Алуа Қасымханқызы), С.Әбдіжаппаров (орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Мұратбек Рамазан Нұржанұлы), О.Тайманов (орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Борзишева Жасмин Алсанбекқызы), Шаян көпсалалы лицей (орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Жақсыбек Іңкар Ерболқызы), М.Әуезов ІТ-мектеп-лицей (өзін-өзі тану пәнінен Айжарық Мерей Құрасбекқызық) мектептерінің оқушылары КҮМІС жүлдегерлері, «Кеңсай» (Қазақстан тарихы пәнінен Ербол Мерей), О.Тайманов (қазақ тілі мен әдебиеті Уалихан Ақмаржан Нұрғалиқызы), С.Әбдіжаппаров (құқық пәнінен Тұрдалы Жомарт Қайратұлы), О.Орманов (физика пәнінен Мұратбай Қарақат Маратқызы),  С.Әбдіжаппаров (химия пәнінен Несипбек Ұлдана Ерболқызы), О.Тайманов (математика пәнінен Мадіханқызы Әлия, Махмет Фатима Жасимқызы), Алтынсарин (география пәнінен Дүйсенбек Ернұр Мұратұлы), «Жиенқұм» (география пәнінен Аширбек Қажымұхан Жанадилұлы), «Теректі» (физика пәнінен Кеңесбек Ақбота Мырзабекқызы)  оқушылары ІІІ орыннан көрініп, қола жүлдегерлері атанса, Шаян көпсалалы лицей (құқық пәнінен Ерсұлтан Жұмабек Мұратұлы), С.Ерубаев (химия пәнінен Әсілбек Ақерке), «Боралдай» (биология пәнінен Әмірбек Қарақат Қалданқызы), М.Әуезов ІТ-мектеп-лицей (информатика пәнінен Султан Рамазан Бектурсынұлы) мектеп оқушылары «Алғыс хатқа» қол жеткізді.

Республикалық кезеңге қатысқан оқушыларымыз арасынан «Борлысай» мектебінің оқушысы Шырынтай Нұрмұхаммед Жандосұлы күміс жүлдегері (жүлделі 2-орын) атанып, ел мақтанышына айналды.

Дегенмен, облыстық пәндер олимпиадасы бойынша жалпы пәндерді саралағанда информатика, құқық, физика, ағылшын тілі пәндерінен қатысқан оқушыларымыздың білім деңгейлерінің төмендігі көрінді.

Аудан бойынша 5-6 сыныптар арасында өткізілген республикалық жалпы пәндер олимпиадасының облыстық кезеңіне 9 білім беру ұйымдарынан 12 оқушы 6 негізгі пәннен (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы) қатысып, облыстық деңгейде С.Әбдіжаппаров (математика пәнінен Абсейт Мансур Асқатұлы), «Тасқұдық» (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Құрманқұл Айша Есмаханбетқызы), Қ.Сыпатаев  (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Абдрахим Сымбат Бахыбуллақызы), М.Әуезов ІТ-мектеп-лицейінің (орыс тілі пәнінен Мақсатқызы Еркеназ) оқушылары жүлделі ІІ-ІІІ орындарды иеленіп, ауданымыздың мерейін үстем етсе, 1 орыннан көрінген Н.Арапов  (жаратылыстану пәнінен Сарабек Айғаным Болатбекқызы), «Борлысай» (жаратылыстану пәнінен Қабылбек Оңғар Төребекұлы),    М.Әуезов ІТ-мектеп-лицейінің (Қазақстан тарихы Ғалымжанқызы Сая) оқушылары республикалық кезеңнің қорытындысымен 2 қола медаль, 1 номинация иегерлері атанып, облысымыздың мерейін республика деңгейінде паш етті.

Сонымен қатар, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінде Шаян көпсалалы лицей  мектебі (математика пәнінен Абуали Даулет Ержанұлы) жүлделі 2-орын, «Жаңаталап» (биология пәнінен Әлмырза Шұғылы Нұржанқызы), «Бөген» (химия Тұңғышбай Кәусар Жаңабайқызы) мектептері жүлделі 3-орындарды иеленді.

Облыстық ғылыми жоба байқауында 15 оқушымыз іріктеуден өтіп, нәтижесінде Жамбыл (Жүзболат Ақжүніс Бауыржанқызы ІІ орын), Шаян көпсалалы лицей (Болат Әсел Саматқызы ІІІ орын,  Мажит Алия ІІІ орын), «Бөген» (Шамен  Гүлжауһар Төреханқызы), Әбдіжаппаров ЖОМИ (Елікбай Аяулым), Сыпатаев (Арынбек Нұрасыл Маратүлы) мектеп оқушылары ІІ-ІІІ дәрежелі диплом иегерлері атанса,  Шаян көпсалалы лицей (Темір Аяжан) мектебінің оқушысы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Сонымен қатар, облыстық «Зерде» байқауына ұсынылған 18 жобамыздың 10-ы марапатталып, үздік оқушыларымыз ауданымыздың мақтанышына айналды.

Атап айтар болсақ, М.Әуезов ІТ-мектеп-лицейінің оқушылары (2-сынып оқушысы Бақытжанқызы  Айкөркем  Еділқызы, 7 сынып оқушысы Дәуренұлы Нұрым) жүлделі ІІ орын иегерлері, «Боралдай» (4-сынып оқушысы Құралбек Нұрай Қасымқызы), «Теректі» (2-сынып оқушысы Мырзакерім Інжу Қайырымжанқызы), Жамбыл (7-сынып оқушысы Нұрлан Нұрболат Бағдатұлы), Қ.Бәйменов (3-сынып оқушысы Әбдісайыл Аида Сәлкенқызы), М.Әуезов  ІТ-мектеп-лицейінің оқушылары (7-сынып оқушысы Шахмардан Назгүл) жүлделі ІІІ орын иегерлері, «Бөген» (2-4-сынып оқушылары Ергенбай  Алинур, Ратбек  Инабат), «Күлтөбе» мектебінің оқушылары (6-сынып оқушысы Нұрланқызы Әсем) «Алғыс хат» иегерлері атанып, ауданымыздың мерейін үстем етті.

          «Әбіш оқуларының»  облыстық кезеңінде Абай атындағы ЖОМ Ә.Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылымы номинациясын, «І.Жансүгіров оқуларының» облыстық кезеңінде Абай (оқушысы Туребек Ердәулет Галымжанұлы) «Алғыс хат» иегері, Мыңбұлақ (оқушысы Төребекқызы Жанель) 3-орын,  М.Әуезов ІТ-мектеп-лицейі (Алмабай Зейнеш Сәрсенғалиқызы) мектеп оқушылары жүлделі ІІ-ІІІ орындарды иемденді.

          «Жыр алыбы — Жамбыл» атты жас ақындар айтысында Қайнар (9-сынып оқушысы Төленбек Дінмұханбет Тілеубекұлы), Есіркеп батыр (8-сынып оқушысы Қосыбай Қанат  Қылышбекұлы) мектеп оқушылары ІІ-ІІІ орындардан көрінді.

          Сонымен қатар, облыстық байқаулар бойынша Мағжан оқуларынан «Қайнар» (9-сынып оқушысы Төленбек Дінмұханбет Тілеубекұлы) мектебі ІІ орын, Мақатаев оқуларынан  «Жиенқұм» (9-сынып оқушысы Әнеш Қарлығаш Өтежанқызы)  мектебі ІІІ орын иеленсе, «Мәшһүр Жүсіп оқуларынан» «Теректі» (оқушысы Жаксылык Айкүміс Жунисқызы) мектебі ІІ орын иеленді.

          «А.Байтұрсынов – ұлтымыздың ұлы ұстазы» атты ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде «Борлысай» (10-сынып оқушысы Амантайқызы Аружан), «Қайнар» (11-сынып оқушысы Сайлаубекқызы Гүлсана) мектеп оқушылары жүлделі ІІ орындардан көрінсе, «Тұлпар мініп, ту алған» жыршылар байқауының облыстық кезеңінде: О.Орманов (9-сынып оқушысы Қасымхан Асылайым), «Майбұлақ» (10-сынып оқушысы Зайырбек Гүлсая) мектеп оқушылары жүлделі ІІ-ІІІ орындардан көрінді.

«Табысты менеджер-2022» облыстық байқауында үш номинация бойынша ауданымыздан қатысқан мектеп басшылары жақсы нәтижеге қол жеткізіп, негізгі орта мектептер арасында «Жаңаталап» мектебінің директоры Әділбаев Анархан Шыңғысұлы жүлделі І орын иегері атанса, жалпы орта мектептер арасында Қ.Сыпатаев мектебінің директоры Жиеналиев Қайырғали Ағабекұлы, шағын жинақты мектептер арасында «Мыңбұлақ» мектебінің директоры Ақбергенов Сайранбек Демісұлы «Алғыс хат» иегерлері атанып, білім саласындағы аудан басшыларымыздың білімді де білікті екендіктерін тағы да бір дәлелдеп, облыс деңгейінде мерейімізді үстем етті!

Сонымен қатар, «Поэзия әлемі» атты байқаудың облыстық кезеңінде «Борлысай»  мектебі (қазақ тілі пәнінің мұғалімі Толымбекова Гулшат Байтургановна) 3-орын, «Ел бүгіншіл, менікі – ертең үшін» атты эссе байқауының қорытындысымен М.Әуезов ІТ-мектеп-лицейі (мұғалімі Кемелбекова Айгүл) 2-орын, «Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!…» атты ақындар байқауында Ш.Уәлиханов мектебі (мұғалімі Асанқұлова Жанар) мектептерінің ұстаздары жүлделі орындардан көрінді.

 «Ең бірінші бақытым – тілім менің» ақындар мүшайрасында «Ақтас» мектебі (А.Абдихалыкова) 3-орын, «Тілге құрмет-елге құрмет» эссе байқауында  М.Әуезов ІТ-мектеп-лицейі (Д.Садыбек) 2-орындардан көрінсе, «Ахаң ашқан қазақ мектебі», «Ахаң түрлеген ана тілі», «Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны» ғылыми жоба жұмыстарының байқауы бойынша «Теректі» мектебі (С.Асанқызы) 3-орын, «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» олимпиадасының облыстық кезеңінде Қ.Байменов мектебі (А.Ануар) 3-орын, Мұратбаев мектебі (М.Болатбекұлы) 1-орын, С.Ерубаев мектебі (Н.Шәміл) номинация иеленді.

Сондай-ақ, «Ыбырай жазулары» байқауының қорытындысымен Домалақ ана мектебі (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсенбаева Гүлнар) 3-орын, «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында Қ.Бәйменов мектебі (қазақ тілі пәні мұғалімі Айдаров Бақытжан Амитұлы) 2-орындардан көрініп, ауданымыздың мақтанышына айналды.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.