Жетісай ауданы: Әкім сайлауы Жетісай ауданында да жоғары деңгейде өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биыл бірінші рет жүзеге асырылған қала, кент, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы Жетісай ауданында да жоғары деңгейде өтті.


180 мыңға жуық тұрғыны бар аудандағы 1 кент пен 3 ауылдық округтің әкімі жаңа жүйе бойынша сайланды. Яғни, халықтың арасында кездесулер өткізіп, алдағы жылдары жұмыс істеуге бағытталған бағдарламалары таныстырылды, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Әрбір әкімдік лауазымға кемінде 3 үміткерден тіркелді.

Міне, осынау бір саяси додада көпшіліктің күдігін сейілтіп, елдің сеніміне ие болған, сайлауда жоғары дауыс жинап әкімдік лауазымға лайықты деп танылған азаматтарға бүгін Жетісай ауданының әкімі Қадырбек Мұрат Болатұлы мен Жетісай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қожамқұл Темірбеков сайлау комиссиясының шешімі мен куәліктерін салтанатты түрде табыс етті. Шараға аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті өңір ақсақалдары қатысты. Асықата кенті мен Ж.Ералиев, Атамекен және Жылысу ауылдық округтеріне сайланған әкімдерге елді мекендердегі қордаланған мәселелерді шешуді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін жоғарылатуды қадап тапсырды. Алдағы атқарар істеріне сәттілік тіледі.

Сайлауда жеңіске жеткен әкімдердің еңбек жолына тоқталсақ:

БАҚЫТ СЕРІКОВ – Асықата кентінің әкімі. 1985-1989 жылдары Жызақ облысы Мырзашөл ауданы мамандандырылған жылжымалы мехколоннасының шебері, учаске бастығы, мекеме бастығының орынбасары, 1989-1991 жылдары Жызақ облысы Мырзашөл аудандық комсомол комитетінің ІІ хатшысы, 1991-1993 жылдары Мырзашөл ауданаралық өндірістік коммерциялық «Үміт» бірлестігінің шебері, бас директор орынбасары, бас директоры, 1993-1994 жылдары Мырзашөл аудандық өндірістік жөндеу, пайдалану бірлестігі бастығының орынбасары, 1994-1998 жылдары Жетісай ауданы «Береке бақ» шаруа қожалығының төрағасы, 1998-2006 жылдары Мақтаарал ауданы «Ақ бұлақ» су пайдаланушылар қауымдастығының төрағасы, 2006-2008 жылдары Мақтаарал ауданы, Қызылқұм ауылдық округінің әкімі, 2008-2010 жылдары Ынтымақ ауылдық округінің әкімі, ал, 2010 жылдан бастап Асықата кентінің әкімі қызметін атқарып келген.

СҰЛТАНБЕК ҚАСЫМОВ – Ж.Ералиев ауылдық округінің әкімі. Еңбек жолын 2011 жылы Ж.Ералиев ауылдық округі әкімі аппаратының таспа басушысы болып бастап, 2012-2013 жылдары маман-есепші, 2013-2020 жылдары бас маман-есепші, 2020 жылдың шілде айынан бастап дейін Ж.Ералиев ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

ЕРБОЛАТ РАЕВ – Атамекен ауылдық округінің әкімі. Еңбек жолын 2000 жылы Атамекен ауылдық округіндегі «Бірлесу» өндірістік кооперативі басшысының орынбасары болып бастаған. 2001 жылы Атамекен ауылдық округі әкімі аппаратында мәдениет және әлеуметтік сала маманы, 2005 – 2010 жылдары Атамекен ауылдық округі әкімі аппаратында заңгер-бас маман, 2011 жылдан бастап аталмыш округтің әкімі қызметін атқарған.

ЕРМЕК ДАУЫЛБАЕВ – Жылысу ауылдық округінің әкімі. 1987 жылы Қарағанды Су трест «Кохсохимремонт» мекемесінде тас қалаушы болып еңбек жолын бастаған. 1992 жылы Жылысу ауылдық кеңесіне қарасты мал фермасында малшы, 1993 – 2006 жылдары Жылысу ауылдық кеңесінде іс басқарушы, 2006 – 2012 жылдары «Бірлік» су пайдаланушылар қауымдастығында, 2012 – 2014 жылдары «Елібай-Д» шаруа қожалығында қарапайым жұмысшы, 2014 – 2017 жылдары Жылысу ауылдық округі әкімі аппаратында оператор, инспектор, ал, 2017 жылдың қаңтар айынан бастап Жылысу ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.