КЕНТАУ: Әдістемелік десант шеңберіндегі әдістемелік көмек

20 — 22 қыркүйек аралығында білім беруді дамыту орталығының әдіскерлері, Сайрам ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскерлеріне, МДҰ меңгерушілеріне, әдіскерлері және мектепалды даярлық сыныптар мен мектепке дейінгі ұйымдарына, шағын орталық тәрбиешілеріне, мектеп директорларына, мектеп директорының оқу ісі орынбасарларына, бейіндік істеріне, инновация, тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарларына, психологтар, дефектолог, логопед, сынып жетекшілердің бірлестік жетекшілеріне, өзбек тілі пәні ӘБ жетекшілері және мұғалімдеріне, өзбек сыныптарындағы қазақ тілі пән мұғалімдеріне, ТжКББ ұйымдарының оқу өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларына, арнайы пән оқытушыларына әдістемелік көмек жұмыстарын жүргізді.

Мақсаты: Сайрам ауданы мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының, педагогтерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыру.

Орталық әдіскерлері:

— Ата-аналарды мектеп жұмысына араласу үшін не жасау керек?

— Білім беру ұйымдарында «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» аясында тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістері

— Жас ерекшелік психологиясы, тәрбиеленушілердің психологиялық функцияларын ойын арқылы зерттеу және дамыту .(Монтессори, арт терапия)

— Мектепке дейінгі балалардың ұсақ моторикасың дамыту

— Әдістемелік құралдар, нұсқаулықтар жазу талаптары

— Педагогтардың эссе жазу дағдысын жетілдіру мәселелері

— «Білім беру процесіне Worldskills стандарттарын енгізу негізінде оқыту әдістемесін жетілдіру» т.б. тақырыптарда баяндамалар оқылып, семинар-тренингтер жүргізілді.

Әдістемелік десант жұмысына 2022-2023 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік 100 мектеп жобасына енген облысымыздың білім беру ұйымдарының басшылары, атап айтқанда Сарыағаш ауданы № 4 мамандандырылған мектеп-интернатының директоры Дане Мұрат Сейітжанұлы, Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернаты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Миндетбаева Ақнұр Амангелиевна қатысып, үздік тәжірибелерімен бөлісті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.