Келестіктер елімізде алғашқы рет өткізіліп жатқан ауыл әкімдерінің сайлауына ұйымшылдықпен қатысып, өз таңдауларын жасауда.
Бұл туралы Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Өңір тұрғындарының сайлауға қатысу белсенділігі жоғары болғандығын атап өткен орынды. Сайлау күні таңертеңгі сағат жетіден бастап дауыс берушілер үшін ауданда барлығы 58 сайлау учаскесі есігін ашты. Алғашқылардың қатарында аудан орталығындағы №4 мектепте орналасқан №327 сайлау учаскесіне барып дауыс берген аудан әкімі Ақментай Есбаев келестіктерді өз таңдауын жасауға шақырды.
Аталған учаскеде ауыл әкімін сайлауға тұрғындар үлкен белсенділікпен қатысты. Мәселен, мұнда дауыс беруге тиіс 2110 адамның бес жүзге жуығы алғашқы екі сағаттың ішінде-ақ дауыс беріп кетті.
Аталған сайлау учаскесінде халықтың белсенділігі байқалып, сайлаудың әділ, ашық, заңды түрде ұйымдастырылып, өткізілуін тәуелсіз бақылаушылар да бақылауда. Олар да сайлау процессін жіті бақылап, оның әділ де ашық болуын, заңдылықтың сақталуын қадағалауда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат