Кентау: Қарнақ тұрғындары сайлауға белсенді қатысуда

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 25 қыркүйектегі Конституциялық Заңына өзгерістер енгізілуіне байланысты 2021 жылдың шілде айынан бастап ауыл әкімдерін сайлау халық дауыс беруімен жүзеге асырылуда.


Ауыл әкімдерін сайлау Кентау қаласы Қарнақ ауылында өткізілуде. Дауыс беру таңғы 07:00 ден бастау алған сайлауға ауыл тұрғындары белсенді қатысуда,- деп хабарлайды Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сайлауға үш үміткер қатысуда. Жалпы ауыл бойынша 5 сайлау учаскесінде қалалық 3 қоғамдық бірлестіктерден 24 байқаушылар өз жұмыстарын заң аясында жоғарғы деңгейде атқаруда.

Барлық сайлау учаскесінде эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық санитарлық талаптар сақталған. Ауылдың әлеуетін дамытуға қызмет атқаратын ауыл әкімін сайлауға келген тұрғындардың ең үлкені 85 жас болса, ең жасы 18 жасар сайлаушы.

Дауыс беру кешкі 20:00 ге дейін жалғасады. Бүгінгі таңға дейін ауылдың 50 пайызы дауыс беріп үлгерді. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.