Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Жаңаталап» тұрғын алабының ауыз су жүйелерінің құрылысымен танысты. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы бірқатар тұрғын алаптардың инфрақұрылым жүйелерінің және жеке кәсіпкерлік нысандарының құрылыс барысымен танысты. Шаһар басшысы алдымен «Жаңаталап» тұрғын алабындағы ауызсу жүйесі құрылысының барысын бақылады.
Жаңаталап елдімекенін сапалы ауыз сумен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Мердігер мекеме «СМК и Ж-7» ЖШС қазіргі уақытта жұмыстың 70 %-н аяқтады.
Ұзындығы 86,1 шақырым ауыз су құбырының құрылысы тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Нәтижесінде, Жаңаталап елдімекеніндегі 5196 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Айта кетейік, Шымкент қаласында биылғы жоспар бойынша 3 магистралды және 9 тұрғын алаптың ауыз су құбыры жүргізіледі. Бұл бағыттағы жұмыстарға 15,6 млрд. теңге көлемінде мемлекеттен қаржы қаралып отыр. Осының есебінен 26 мыңға жуық адам ауыз суға қосылып, көрсеткіш 98 пайызға жеткізіледі деп жоспарлануда.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
Hi Dear, are you actually visiting this site daily,
if so then you will without doubt get nice know-how.