Ордабасы ауданы: Отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.


Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары А.Оралбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібіне сәйкес, Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы М. Ізтілеуов аудандағы көп балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жөнінде баяндама жасап, әлеуметтік сала бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің 55 түріне тоқталды.

Сонымен қатар, отбасындағы өнегелі құндылықтарды жаңғырту және қоғамдағы некенің жағымды үлгісін қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар барысы жайында Ордабасы аудандық «Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г. Тайтелиева сөз алды.

Комиссия отырысында аудандағы отбасылардың тұрмыс сапасын арттыру, өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру, отбасы тәрбиесін жетілдіру, отбасының қоғамдағы ролін арттыру мәселелері талқыланды.

«ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.