Парламент Сенатының депутаттары Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Түркістан облысының Құрметті азаматтары, халық қалаулылары және депутаттарымен басқосу өткізді.


Кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев қатысты. Сенат депутаты Әлімжан Сейітжанұлы өз сөзінде ҚР Парламенті Сенатының жыл басынан бері атқарған жұмыстарға тоқталып, онда қаралып, қабылдаған заңдар туралы бірқатар түсініктер беріп өтті.

Кездесу барысында Түркістан қаласындағы жер телімдерін заңдастыру бойынша сауал қойды. Оған Әли Әбдікәрімұлы жауап беріп, республика көлеміндегі жерлерді заңдастыру, жерді жалға беру мәселелері туралы ойын жеткізді. Сенат депутаттары жиынға қатысқан барша азаматтарға ризашылығын білдіріп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстара оң баға берді. Күллі түркі әлемінің рухани астанасының туристтік орталық ретінде дамып, қалыптасатынына сенім білдірді.

«Жергілікті атқарушы және өкілетті органдар туралы заңдарға өзгерістер енгізіліп жатыр. Мәслихаттарға артылып отырған жұмыс өте көп. Міндеттер мен жауапкершіліктер жоғары. Осы заңдардың қабылдануына өңірлердегі аудандық, облыстық мәслихат депутаттары үлкен үлес қосты», – деді Әли Әбдікәрімұлы кездесуде.

Сонымен қатар, Сенат депутаттары Кентау қаласының активімен кездесіп, Парламент Сенатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Мұнан соң, сенаторлар индустриалды аймақта орналасқан «АБН альянс» полиэтилен құбырларын шығаратын кәсіпорынның жұмысымен танысты. Бүгінде мұнда 20-ға жуық тұрғын жұмыспен қамтылған. Ауызсу мен кәріз жүйесіне арналған құбырлар ел аумағына экспортталып жатыр.

«Кентау – облыс орталығы Түркістанның қасында орналасқан. Арасы өте жақын. Болашақта Түркістан мәдени-рухани тұрғыдан дамитын болса, қасындағы Кентау өндірістік бағытта қанат жаюы қажет. Яғни, екі қала біргелікті дамитын болады. Халқы да бір-біріне барып-келіп жұмыс істеуге де мүмкіндік мол», — ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әли Бектаев.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.