САРЫАҒАШ: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және «Елбасы Академиясы» бірлескен республика бойынша балалардың қабілетін дамыту жүйесін құру, зияткерлік және жеке әлеуетті іске асыру үшін қабілетті балалар мен талантты жастарды сүйемелдеу және қолдау мақсатында «Қабілет» жобасын іске асыру жұмыстарын түсіндіру шаралары ұйымдастырылуда.

Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына арналған «Дарынды балаларды анықтау және оларды психологиялық сүйемелдеу әдістері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинарда психологиялық диагностиканың ерекшеліктері (психомоториканың, когнитивті, коммуникативті және эмоционалды интеллектінің даму ерекшеліктері) талқыланып, танымдық қабілеттерді дамыту жаттығулары орындалды. Психологиялық диагностиканың принциптерін басшылыққа алу жөнінде әдістемелік көмек берілді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

457 Comments

Добавить комментарий для WilliamDow Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован.