Сарыағаш ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты білім беру мекемелерінің педагог-психологтарына арналған «Дарынды балаларды анықтау және оларды психологиялық сүйемелдеу әдістері» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинарда психологиялық диагностиканың ерекшеліктері (психомоториканың, когнитивті, коммуникативті және эмоционалды интеллектінің даму ерекшеліктері) талқыланып, танымдық қабілеттерді дамыту жаттығулары орындалды. Психологиялық диагностиканың принциптерін басшылыққа алу жөнінде әдістемелік көмек берілді.