ТҮРКІСТАН: БАСТЫ ТАЛАП-ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ

«Түркістан қалалық газ инспекциясы» тарапынан 6 сектор бойынша табиғи газ жүйесіне 38060 жеке тұрғын үй қосылған.

Жыл басынан бері тұрғындардың табиғи газға қосылуы 95,3 %-ға жеткен. Газ инспекциясы мамандары 710 көше мен 21158 жеке тұрғын үй иелерімен қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Аралау барысында техникалық талаптарға сәйкес емес 18 жеке тұрғын үй мен 4 кәсіпкерлік нысанның ішінен “Иран” пеші анықталып, ескертулер берілді.

Үй техникалық құжаттары, дербес шот, үй жоспарының жобасы, ВДГО, ВДС, желдету арнасы, әрбір газ жабдықтары тұрғын болмеде газосигнализатордың болмауы, мұржаның орнатылуы бойынша кемшіліктер анықталған баспана иелеріне ескерту жасалды.

Бүгінге дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға 144 газосигнализатор әкімшілік тарапынан орнатылды.

Жеке тұрғын үйлерді аралау, бақылау жұмыстары жалғасатынын хабарлаймыз.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.