ТҮРКІСТАН: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ!
Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері сауда орындарындағы өрттердің алдын алу мақсатында сауда нысандарының басшыларымен бірлесіп дөңгелек үстел өткізді.
Сонымен бірге, қала аумағындағы сауда орындары мен адамдар көп шоғырланған жерлерде «Өрт қауіпсіздігін сақтау» жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Өрттің алдын алу үшін:
– базар ауласында ашық от көздерін пайдалануға;
– кез келген орындарға қоқыстарды (жанғыш заттарды) жинауға немесе оны өртеуге; – базар ауласында эвакуациялық жолдарды кедергілермен жауып тастауға;
– базар ауласында орналасқан дүкендер мен дүңгіршектерде және т.б. ғимараттарда тозған электр приборларын қолдануға;
– кез келген орындарда темекі шегуге немесе темекі тұқылдарын толық сөндірмей тастауға қатаң түрде тиым салынады.
Өрттің алдын алып, өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын қатаң сақтаңыздар.
-Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 телефоны арқылы өрт сөндіру бөліміне хабар беріңіздер!
This is a really good tip particularly to those new to the blogosphere.
Brief but very precise information… Many thanks for sharing this one.
A must read post!